//

100 пайыз вакцина алды, Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылы көш бастап тұр

1903 рет қаралды

Ел құлағы елу. Елді сүйсіндірген  жағымды жаңалықтан Мінбер сайтының  тілшісі де қалыс қалмады. Ресми ақпаратты алу үшін Ескелді ауданы әкімдігіне хабарласты.

«Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылдық округінде 1280 адам тұрады. Олардың 250-і  денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. Ал, 18 жастан асқан 554 ауыл тұрғыны, COVID-19-ға қарсы толықтай вакцина алып, қатерлі дертті тоқтатуға өз үлестерін қосуда» дейді Ескелді ауданы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Азат Жұмаханов.

“Вакцинация – бұл қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы. Біз оның барлығын түсінеміз, сондықтан коронавирусқа қарсы екпе алуды жөн көрдік. Күн сайын инфекция жұқтырғандардың санының артуы, бізді алаңдатады. Сол себепті, өзгелердің, жақындарымыздың, Отанымыздың алдындағы жауапкершілікті сезініп, екпені міндетті түрде алуымыз керек деп ойлаймыз, – дейді Жалғызағаш ауылының тұрғыны Мадина Алимовна.

«Иә, вакциналаудан көш бастаған тек Жалғызағаш қана емес. Біздің аудан бойынша Қоңыр ауылы да үздік нәтиже көрсетті. Жалпы вакцинация аудан бойынша қарқынды жүріп жатыр. Халықты вакциналау үшін Қарабұлақ, Алдабергенов, Ақын Сара және Бақтыбай ауылдарында 4 екпе кабинеті жұмыс істеуде. Қосымша бір жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді. Қажет болған жағдайда, ауданның басқа ауылдарында да қосымша 6 егу кабинетін ашуға мүмкіндік бар» дейді Ескелді  аудандық емхана меңгерушісі Саят Қанатұлы.

“2021 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша ауданда КВИ-дің 1123 жағдайы тіркелген. Оның ішінде симптомдары бар-666, симптомдары жоқ-457. Бүгінгі күні инфекциялық бөлімшеде 4 науқас жатыр, облыстық ауруханада тағы 4 науқас, аудандық аурухананың провизорлық бөлімшесінде 98 адам жатыр, 172 азамат амбулаториялық ем алуда, 82 науқас үй карантинінде емделуде. Жалпы пандемия басталғалы Ескелді ауданында 756 науқас COVID-19 – дан толық сауығып кетті”, – деді Ескелді ауданы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Азат Жұмаханов.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі