/

Белгілі журналист Бақытгүл Мәкімбай дүниеден озды

318 рет қаралды

Белгілі тәуелсіз журналист, DAT жобасының атқарушы редакторы Бақытгүл Мәкімбай 59 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Бақытгүл Мәкімбай 1962 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол өмірін тәуелсіз журналистикаға арнады. «Дат» газеттер жобасында (СолДАТ, Жұма Таймс, Тасжарған, Айна-Плюс, Бүгін-Сегодня, Общественная позиция басылымдарында) ұзақ жыл қызмет етті. Журналистикадағы еңбегі үшін Сорос халықаралық қорының «Батылдық пен табандылық үшін» сыйлығының лауреаты атанды.  2002 жылы СолДат редакциясына жасалған шабуыл кезінде соққыға да жығылды. Бақытгүл Мәкімбай кәсіби қызметінде қылмыстық қудалауға да ұшырады.

Dat газетінің бас редакторы Ермұрат Бапи “Қош бол, Бақан! Бақалөгім менің!… 23 жыл жаңылмай жүрген “ДАТ”-ың сенсіз жетім қалды!…” – деп жазды  Facebook парақшасында. 

Фейсбук парақшасы бүгін қара жамылды, белгілі журналист Бақытгүл Мәкімбайдың қазасы жайлы Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі:

– Ермұрат Бапи ағаммен танысқалы бері, баяғы “ДАТ” ұжымында мен жақын араласқан, қатты сыйласқан тағы ол Бақытгүл апамыз еді. Жиырма жылдан бері араласып, аман саулығымызды біліп тұратын едік. Өзі бір ерекше мейірімді, бауырмал жан еді. Сөйте тұра ішкі принциптеріне адал, табанды тұлға болатын. Ерекең осы жылдары тәуелсіз журналистиканың басында жүрген қандай мықты болса, соншама жылдары оның жанында сенімді қайраткері болып, көп қиындықтарға төзіп, ер адамдар көрсете алмайтын мінезді байқатты. Әлі де сене алмай отырмын. Қош болыңыз, Бақытгүл апа! – деп жазса, Ирина Советжанқызы, 31 арна журналисі: 
– Таяққа да жығылды. Журналистік қызметіне байланысты бір емес, бірнеше мәрте апайды ұрып кетті. Үстінен қылмыстық іс те қозғалған. Соққыға жығылған кезінде бас сүйегіне зақым келіп, миы шайқалып, ауруханада емделген. “Тасжарған” газетін басқарған, “Дат” газетінің шығарушы редакторы, тәуелсіз журналист, күрескерлік ұстанымынан айнымаған мықты журналист Бақытгүл Мәкімбай апайымыздан бүгін айырылып қалдық. Ковид көп жақсы адамдарды арамыздан алып кетті. Оппозициялық газеттерде жұмыс істеген кезімде Бақытгүл апайды жиі кездестіретінмін. Қолдауын сезіндім.
Өте жақсы адам өтті өмірден. Иманды болыңыз, Бақытгүл апай. Апайдың отбасына, жақындарына қайғырып, көңіл айтамын, – деп жазды.
“Мінбер” ұжымы Бақытгүл Мәкімбайдың туған туыстары мен жақындарына, DAT ұжымына және Ермұрат Бапи ағамызға қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Тамаша журналист бұл өмірді тәрк етті.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар