////

Бақытбек Бәмішұлы: Британия күнделігі

1870 рет қаралды


ЖАҒАСЫНДА ТАЙННЫҢ 

Жағалауы Тайнның,
Әдеті осы күндегі.
Сұлу сурет судағы —
Кемпірқосақ түндегі.

Жағасында Тайнның-1,
Судан көрдім қаласын!
Аймалаймын көзіммен,
Суда жанған қарасын…

Айды құшып Арқада,
Арасында қайыңның.
Жүрген кездер оралды,
Жағасында Тайнның.

Су бетіне телміріп,
Көрдім қала сәулетін.
Есен десем Есілім,
Ести ме екен, Дәулетім-2?

Тұрмын түнде жылы ауа,
Жағасында Тайнның.
Баяу басқан ағыстай,
Ағып жатыр уайым-мұң.
Жағасында Тайнның.
28.12.2021 ж.

Ескерту:
Тайн-1 – өзен. Англияның Ньюкасл қаласы.
Дәулет-2 – Дәулеткерей Кәпұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Милад Мысырда топ жарды

Фото: спортты дамыту дирекциясынан Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы