///

Тамара Козицька, Хмельницкий тұрғыны: Соғыс бізді шыңдап жатыр

712 рет қаралды
1
суретті Тамара Козицька жолдады

Қазір Украина туралы ақпарат мың құбылып тұр. Украина тұрғындарына бүкіл әлем қолдау көрсетіп жатыр. Десе де, жаудың беті қиын. Осы ретте Украинаның тұрғыны Тамара Козицькамен тілдесіп, қазіргі сәттегі көңіл күйін білуге тырысқан едік. 

– Тамара ханым, дәл қазір өзіңіз тұрған аймақтағы жағдайды сипаттап бере аласыз ба? 

– Мен Хмельницкийде тұрамын. Біз тұрған аймақты әзірге бомбалай қойған жоқ, десе де, өте қорқынышты. Құлағымызды тұндырып, бомбаның, зеңбіректің дауысы алыстан болса да жетіп жатыр. Бүгін Ресей басқыншылары Ахтыркада балалар үйі мен балабақшаларды атқылады. Ауыр жараланғандар бар. Сум облыстық Әскери әкімшілік басшысы Дмитрий Живицкий Ахтыркада “Ураган” операциясы тұрғын үй, бомбадан жасырынатын аймақ, балабақшаны көздегенін мәлімдеді. Жараланғандар мен қайтыс болғандар туралы ақпарат әзірге жоқ. Бірақ ауыр жараланған балалар бар.

Киев облысының Ворзел елдімекеніндегі Ресей жауынгерлерінің әскери әрекеттері кезінде балалар құрбан бола жаздады. Бас прокурор Ирина Венедиктованың мәлімдеуінше, «Град» жүйесінің жарықшақтары балалар үйінің бір ғимаратына бағытталыпты. Онда елу бала бар еді. Қуанышымызға орай, балалар мен қызметкерлер басқа ғимаратта болатын, ешкім зардап шекпеді. Балаларды шұғыл эвакуациялау шаралары қолға алынып жатыр.

Біз бұл соғысты сегіз жылдан бері бастан кешіп келеміз. Менде қазір қорқыныштан гөрі жеккөрініш пен ашу сезімі басым. Шын соғыстың басталғанына екі күн ғана, ал біз үшін бүкіл өміріміз өтіп кеткендей.

Киев бомбаның астында қалды. Адамдар жер астына тығылып, бас сауғалауда.

– Жалпы, қандай да бір болжам айта аласыз ба? Бұның ақыры немен аяқталуы мүмкін? 

– Алғашқы бір екі сағатта паника болған еді. Қазір оның бәрі сейілді, бәрімізде жауынгерлік рух оянды. Дегенмен жауымыз күшті ғой. Олар Киевті басып алмақшы. Егер сырттан көмек келмесе, соңы немен аяқталатынын да білмеймін. Жауынгерлеріміз қарсы тұрамыз дейді. Тым болмаса, аспаннан бомбалауды тоқтататын күш болса. Ресей Грузияны бомбалағанда, Америка нақты ісімен көмектескен еді, қазір тек сөзбен ғана көмек көрсетуде.

Біз үшін кез келген көмек маңызды тіпті ақпараттық көмек те, қазір жалған ақпарат өріп жүр. Жұрт Ресей медиасының өтірік манипуляциясына алданып жатыр. Сондықтан маңыздысы ақпараттың шынайы дереккөздерден тарауына ықпал ету. Менің сізден өтінерім, оқырмандарыңызға мына дереккөзден таралған ақпараттың шынайы екенін айтсаңыз. Біз күресеміз. Әзірге осы.

– Рахмет, мен сіздерге жеңіс тілеймін. 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Бақытбек жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Ақ кеме” – Ғ.Мүсірепов театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17 желтоқсанда Шыңғыс Айтматов шығармасының желісімен қойылған

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым