///

Утильалымның мөлшері жарияланды

1759 рет қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кәдеге жарату төлемдерінің жаңа мөлшерін жариялайды.

Роман Скляр “Хабар 24” телеарнасында тікелей эфирде сұхбат берді.

“Шешім қабылданды, автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрі бойынша мөлшерлемені 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді”, – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары “Хабар 24” телеарнасының тікелей эфирінде.

Сонымен қатар, Роман Скляр автосалондардағы көлік тапшылығы әлемдегі микросхема (чиптер) тапшылығымен байланысты екенін айтты.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшері 23 ақпанда жарияланатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет “ӨКМ Операторы” ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Парақшамызға жазылыңыз

Ботагөз Жөкен

Ботагөз Жөкенқызы.
1999 жылы әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп,
2001-2003 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
1999- 2001жылдар аралығында «Алтын орда» газетінде тілші,
2003-2005 жылдар аралығында "НТК" телеарнасында редактор, 2005-2016 жылдар аралығында «Алматы" телеарнасында редактор қызметін атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы байқаудың лауреаты.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар