///

Пандемия Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты жаңа қырынан танытты

2058 рет қаралды

Оқырмандарымызды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасымен таныстыруды жалғастырамыз.

Осыдан бұрын жазғанымыздай 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде ықтимал 100 баллдан 37 балл алып, 180 елдің арасында 102-орынды иеленген

https://www.transparency.org/en/cpi/2021/index/kaz

Transparency International ұйымының сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексіндегі алғашқы үштікке кірген елді білгіңіз келсе төмендегі суретке назар аударыңыз. Көріп отырғаныңыздай Дания (88 (1), Финляндия (88/1) және Жаңа Зеландия (88/1) елдері көш бастап тұр.

Индекстің баллдарын есептеу үшін 9 ұйым бағаларының орташа мәні пайдаланылады екен.

Сараптамалық бағалау кезінде статистикаға, жаңалықтар ақпаратына ғана емес, сонымен қатар құқық қорғаушылар мен журналистердің пікіріне де назар аударылады. Есептерде саяси реформалар мен демократияландырудың призмасы, мемлекеттің экономиканы басқаруға қатысу деңгейі, саяси сыбайлас жемқорлық, непотизм мен бюрократияландыру, мүдделер қақтығысын реттеу және басқа да жайттар байқалады.

https://www.transparency.org/en/cpi/2021/index/kaz

Индекс көрсеткіштерінен біз сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайды жылдан жылға жақсартудың орнына нашарлатқанымыз белгілі болды. Transparency International баяндамасында «сыбайлас жемқорлықтың арқасында жинақталған елдің саяси элитасының байлығы» туралы проблематика, оффшорлық активтер туралы жарияланымдарға қатысты шаралар қабылдамау, жоғары лауазымды жемқор шенеуніктерге қатысты қатаң шаралар және басқа да факторлар аталғанын көреміз.

COVID-19 пандемиясының да денсаулық сақтау және жалпы мемлекеттік басқару жүйесіндегі бірқатар проблемаларды ашуға әсер еткені туралы айтылған. Нақты тоқталатын болсақ, баяндамада мемлекеттің имиджін нашарлатқан өкпені жасанды желдету аппараттарының, дәрілердің жетіспеушілігі, вакцина егу паспорттарын сату, медицина қызметкерлеріне арналған үстемеақыны жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істер туралы жарияланымдар мен әлеуметтік желілердегі жаппай талқылауларға аса назар аударылған.

Оған мысал болатын, пандемия кезінде оқушыларды онлайн оқыту үшін компьютерлік техниканы сатып алуды тексеру шеңберінде анықталған залалдың жалпы сомасы 15 млрд.теңгеден астам 12 қылмыс анықталғаны (Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Алматы облысы – 4, Атырау – 1, Қостанай – 2, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, Солтүстік Қазақстан – 2).

Ал, әшкереленген тұлғалардың қатарында 4 өңірдің (Нұр-Сұлтан қ., Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары) білім беру басқармаларының басшылары болған, олар бюджет қаражатын құнын көтеру және сапасы лайықсыз компьютерлік техниканы жеткізу жолымен жымқырған.

Тағы бір мысал, Ақмола облысында Көкшетау қаласының орталық қалалық емханасы мен «Viamedis» ЖШС емханасының медбикелері жалған құжаттарды бірнеше рет өткізу және Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық жүйесінің «Вакцинация» электрондық модуліне көрінеу жалған мәліметтер енгізу фактісі бойынша сотталған. Олар нақты инъекция енгізбестен азаматтардан ақшалай сыйақы (10 мыңнан 40 мың теңгеге дейін) алған.

Transparency International баяндамасының сын факторларына келетін болсақ, бұл:

1) биліктің жоғары эшелондарындағы «айқын» сыбайлас жемқорлық;

2) жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы прогреске қарамастан, оны сақтау тәуекелдері;

3) сыбайлас жемқорлықпен күрестің түбегейлі шараларының жеткіліксіздігі – мысалға, бірыңғай декларациялаудың орнына жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу;

4) байлықты әділетсіз бөлу;

5) ірі бизнестің олигархтармен және жоғары лауазымды тұлғалармен байланысы;

6) сот билігіндегі жемқорлық.

Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының тиімділігін ғана көрсетіп қоймайды, ол жалпы мемлекеттік басқарудың сапасы мен тазалығын да көрсетеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері