//

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні: Еліміздегі кітапханалардың халі қалай?

2336 рет қаралды

Әйгілі У.Шекс­пирдің: «Кітап мен үшін тақтан да қымбат» дегені арада қанша ғасыр өтсе де, өз маңызын жоймай тұр. Кітаптың осындай сиқырлы қасиетін, адамның қу жанына шын мәнінде демалыс сыйлайтынын қолына кітап ұстап, парақтап көрмеген, иісін де сезбейтін пенденің түсінуі екі талай! Өкініштісі, бүгінгі қоғамда соңғыларының қатары көбейіп бара жатқаны алаңдатады.

Қазір заманның дамыған уақыты. Кітап оқуға уақыт жоқ деген тек сылтау болса керек. Кітаптың өмір сүруге ешқандай кедергісі жоқ.

Салдармен күрес жүргізуде, Үкімет аянып қалмады. Ақын-жазушыларға қолдау көрсету, кітаптарын тегін басып шығару, мәдениет пен әдебиетке қамқорлық жасау мақсатында Мемлекет осыдан 19 жыл бұрын, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осы бағдарлама аясында 2006 жылдан бері  Жетісу қаламгерлерінің кітаптарын шығару дәстүрге айналды.  Жыл сайын оқырманға жол тартқан жаңа жинақтар өңірдің руханиятына үлкен үлестерін қосып, жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтуге ықпал етіп келеді.

Кезекте ақын-жазушыларымыздың көз майын тауысып, жазған еңбектері Қазақстан аумағындағы жер-жерлердегі кітапханаларға жол тартатыны анық.

2019 жылдан бастап, Кеген ауданындағы ауылды жерлер де қара құлпы салынған кітапханалардың есігі ашылып, кітапханаларға қан жүгіре бастады. Аудан да тоғыз ауылға кітапханашы штат бірлігі беріліп, бүгінгі күні жұмыстарын жалғастыруда. Бұл дегеніңіз, оқырмандарды кітаппен қайта қауыштырып, кітап оқу үрдісін қалыптастыру, оқырмандармен жұмыс жасау кітапханашыларға артылар жүк болмақ.

Соның ішінде, 4243 кітап қоры бар Тасашы ауылдық кітапханасы оқырмандарды кітап оқуға баулу, сауатттылығын арттыру, сұраныстарын қанағаттандыру, кітап қорын сақтау, жас ұрпақты кітап оқуға тарту мақсатында жұмыс атқарады. Кітапханада «Туған жерге тағзым», «Туған өлке түлегі», «Адалдық алаңы» атты жобалар (онлайн-сұхбаттар) қолға алынып, көпшілік оқырманның сұранысына ие болды. Жобаның мақсаты: Өлкетану әдебиеттерін насихаттау, туған өлкемізден шыққан, еңбегі сіңген ұстаз ата-апаларымыздан талантты ұл-қыздарымыздан сұхбат алу, кітапханаға оқырман тарту.

Иә, жаһандану дәуірінде кітапқа құштар жас оқырманды табу өте қиын. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, кітапхана жанынан «Жас қалам» клубы құрылды. Мақсаты: Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітапханаға тарту, шығармашылығын шыңдау.

Биылғы балалар жылы аясында, «Нағыз оқитын кез», «Әдеби өлкетану», «Жас қалам» жобалары тұрақты жұмыс  атқаруда. Нәтижесінде «Жас қалам» клубының мүшелері Республикалық, облыстық, аудандық байқауларда  топ жарды. Балалар мен жасөспірімдерді қолдау жылы аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған облыстық «Поэзия марафоны» байқауында «Жас қалам» клубының мүшесі Ақниет Мухаметкарим І орын алды.

Төребаев Ерболат, оқырман:


– Кітап-бұл адамның ой-өрісін кеңітетін,тіл байлығын арттыратын рухани қазына. Біздің Тасашы ауылында кітапхананың жұмыс істей бастағанына да үш жылдың жүзі болды. Қолым бос уақытта кітапхананы төңіректеп, әдеби шығармалар жөнінде пікір алмасып қайтатын болдық. Қазіргі заманда әлеуметтік желі қолданушылар, әсіресе кейінгі жастар кітапхана маңына келмейді. Кітапхана меңгерушісі Д.Ермекбай да оқыған-тоқығаны, өмірден түйгені мол, білімді азамат. Кітапханаға келген әрбір оқырманмен тез тіл табысып, әдеби кітаптар жөнінде көп мағлұмат беруге тырысады. Қазір негізгі оқылатын кітаптар әдеби және тарихи шығармалар. Бүгін өзіме керекті кітабымды алып, маңыздысын қойын дәптеріме түртіп алдым. Ендігі кезекте, оқырмандар саны артса деген ойдамын.

Рысбеков Сейіт, оқырман:

– Заманымыздың заңғар жазушысы Ғ.Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деп текке айтпаған. Кітап-адам баласының ақыл-ойын жетілдіретін бірден-бір құрал. Бала кезімнен кітап оқуға құштар болдым. Классик жазушыларымыздың шығармаларын таласа-тармаса оқитынбыз, қазір де ондай үрдіс байқалмайды. Тоқырау жылдары кітапхана жұмысы тұралап, елеусіз қалды. Оқырмандар кітап оқудан қол үзді. Қазір, шүкір! Кітапханамыз  қайта ашылып, өзіміздің сүйікті ақын-жазушыларымыздың кітаптарын алып оқуға толық мүмкіндік бар және барынша жағдай жасалынған.

                                                                                      Дәурен ЕРМЕКБАЙ

Алматы облысы,

Кеген ауданы,

Тасашы ауылы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі