//

Назым Дүтбаеваның “Ізгілік тамшысы” кітабының тұсаукесері өтті

1523 рет қаралды

6 сәуір күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Жасөспірімдер кітапханасында журналист, Мәдениет саласының үздігі Назым Дутбаеваның “Ізгілік тамшысы” атты тұңғыш жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітап «Аспан» баспасынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжанова  мен генерал- полковник, заңгер Сәт Тоқпақбаевтың демеушілігімен жарық көрді.

Аспантау-Қарадала  кітапхана сериясы идеясының авторы – Бақыт Беделхан

«Ізгілік тамшысы»  – Назым Дүтбаеваның тұңғыш жинағы. Жинаққа 20 жылға жуық уақытта жазған дүниелерінің өз елегінен өткен шағын әңгімелері, мәдениет тақырыбына арналған мақалалары, сұхбаттары енген.

Осының өзі  автордың талғампаздығын, оқырманын құрметтейтінін байқатады.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Назым Дутбаева 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде бакалавр дәрежесінде 1996-2000 жылдары осы факультеттің магистратурасында білім алған. 15 жылға жуық “Қазақ әдебиеті” газетінде тілші, бөлім редакторы қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары «Қазақстан» телеарнасында «Ел» шығармашылық бірлестігінде редактор қызметін атқарды

Бүгінде Жетісу университетінің “Жетісу университеті” газетінің Бас редакторы. “Мінбер” сайтының контент редакторы.

Естеріңізге сала кетейік, Аспантау-Қарадала  кітапхана сериясымен бұған дейін бірнеше кітап жарық көрді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі