/

Елімізде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға қазірдің өзінде 250-мыңнан астам өтініш түскен. Өтініш қабылдау әлі тамызға дейін жалғасады

860 рет қаралды
хабар 24
хабар 24

Екі айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңнан астам өтініш түсті.  Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның ішінде балалардың 70,5%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет автоматтандырылды. Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыруға болады.

«Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүріп жатыр. Осы ретте құжаттарды тапсыруда ата-аналардың белсенділігін байқауға болады. Биыл мемлекеттік тілде білім алғысы келетін 1-сынып балалары көбейді. Қазақ тілінде оқитын сыныптарға қабылдаудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау (91%), Қызылорда (91,5%), Жамбыл (82,2%) және Атырау (80,1%) облыстарында тіркелді», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барлығы 400 мыңнан астам қазақстандық бала барады деп күтіліп отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі