//

Ертең Бүкілхалықтық Референдум. Не өзгереді?

1243 рет қаралды
ақорда
ақорда

Қазақстан Конституциясы 27 жылда 6 рет өзгермек. Бірақ, бұл жолы референдум арқылы жасалғалы жатыр.

Республикалық референдум — Қазақстан Республикасында болатын Конституция мен конституциялық заңдарға және т.б маңызды оқиғаларға байланысты жүзеге асырылады. Референдум елдің барлық аймағында болады.

1995 жылдың 2 қарашасында қабылданған ҚР №2592 заңына сәйкес, Конституция, конституциялық заң қабылдау немесе оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда референдум өткізуге болады.

Референдумға сотталып, жазасын өтеп жатқан азаматтар мен өздігінен жүріп-тұруға қауқарсыз адамдардан өзге 18 жасқа толған барлық қазақстандықтар қатыса алады.

Референдум туралы заңның 27 бабына сәйкес, бюллетенге сұрақ пен жауап нұсқалары жазылады. Егер референдумға бір уақытта бірнеше мәселе шығарылған болса, онда әр сұраққа дайындалған бюллетеннің түстері әртүрлі болуы тиіс. Бюллетен екі тілде және белгілі бір аймақта тұрып жатқан көпшілік халықтың тілінде болуы тиіс.

29 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізуге байланысты референдум өткізуді ұсынған. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші референдум.

Дегенмен, бұл референдумның асығыс өткізілгелі жатқанын, оған енгізілетін өзгерістердің халықпен санаспағанын айтып сынап жатқандар да жетерлік. Солардың бірі саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт.

“Майдан” ютюб арнасына сұхбат берген ол Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістердің ешқандай маңызы жоқ екендігін айтқан. Мәселен:

– Мен енді өз басым бұл референдумнің мәні жоқ деп есептеймін. Қайталап айтамын мен Назарбаевтың конституцияда аты тұрғанын, тәуелсіздіктің негізін қалаушы деп қалғанын қаламаймын, қолдамаймын. Және бұл бір ғана желеумен қалған 33 баптағы 76 мәні жоқ өзгерістер  ештеңені өзгертпейді. Сол себепті бұл референдумның мәнісі жоқ. бізге жаңа конституция керек. Бізге парламенттік республика орнататын, өйткені біз бір адамның билігі неге алып келетінін көрдік. Әділ сотты орнататын, тәуелсіз сотты орнататын және әкімдердің сайлануын қалыптастыратын, өйткені Жаңаөзенде ең басында басталған кезде Ноғаевқа айтқанын көрдік қой азаматтардың, жер-жерде айтып жатты. Мысалы, әкімдерге айтты, әкімдер өздерінше ойлайды жергілікті құдаймын деп. Оларға айтты, біз ешқайсыңызды сайлаған жоқпыз. Сендерді Ақорда тағайындады, оларға ғана жұмыс істейсіңдер, бірақ өкінішке қарай ең басты талаптардың бірі әкімдердің сайлауы әлі күнге дейін ескерілген жоқ. Ескерген жоқ, ескергісі келмей де отыр, – деген ол.

Дегенмен референдумы қолдаушылар мұндай пікірлермен келіспейді. Мәселен, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталайын деп отыр. Енді барлық саяси күштер сайлаушылардың нақты сұранысына басымдық береді. Сонымен бірге референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асыру болып саналады. Халық еліміздің сайлау жүйесіне сенуі керек. Бұл – билік легитимдігінің негізі. Сайлау саяси өміріміздегі қалыпты жағдайда айналуға тиіс. Біз бірте-бірте осыған келе жатырмыз», деді Мәжіліс Төрағасы.

Ал Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин де бұл референдумның аса маңызды екендігін жиі айтуда: «Конституциялық реформалардың ең басты маңызы – саяси институттар арасындағы қарым-қатынасқа оптималды баланс орнату. Мысалы, Парламенттің статусын арттыру, Есеп комитетінің Жоғарғы аудиторлық палата болып өзгертілуі. Бұл Палатаның төрағасы жылына 2 рет Парламент алдында есеп береді. Бұл бюджеттің игерілуін қадағалау функциясын күшейтуге бағытталған», – деді Ерлан Тынымбайұлы «Хабар» арнасына берген сұхбатында.

Сонымен референдумға барсаңыз қандай өзгерістерге дауыс бересіз немесе қарсы боласыз:

  • Суперпрезиденттік жүйеден президенттік жүйеге көшеміз деді.
  •  Бірінші, президент саяси партияның мүшесі болмауы керек. Қызметте отырған кезде, Ақордада отырған кезде партияға қатысы болмауы керек.
  •  Екінші, президенттің туыстары, жақын туыстары мемлекеттік, саяси қызметте болуға және квазимемлекеттік секторда басшы болуға құқығы болмайды.
  • Үшінші, облыс әкімдерінің, қала әкімдерінің актілерінің, шығарған актілерінің күшін бұрын жоя алатын президент, енді қазір ұсынып отырған өзгеріс бойынша жоя алмайды.
  • Төртінші нәрсе, президент облыс әкімдерін, қала әкімдерін тағайындаған кезде екіден кем емес кандидатты ұсынады
  • Парламенттің құзыреті кеңейеді
  • Мажоритарлы сайлау жүйесі арқылы мәжілісті қалыптастыру, осы және тағы басқа өзгерістер болатынына Президент әкімшілігі сайлаушыларды сендіріп бағуда.

Дегенмен халықтың басы көпшілігі бұған скептикалық көзқараспен қарайды. Сондықтан, референдумға халықтың 70%-дан асқаны қатысып дауыс береді дегенге де күмән басым.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі