Құтырған қасқыр шапқан ауыл карантинге жабылды-БҚО

1092 рет қаралды
түркстан кз
түркстан кз

Құтырған қасқырдың ауылға шауып, төрт бірдей адамды тістегені Астана арнасында жарияланды.

Оқиға Батыс Қазақстан облысы, Шоқтыбай ауылында болған. Құтырған қасқыр ауылдың төрт тұрғынын жаралаған. Алдымен шабуылын ауылдың иттері мен малынан бастаған жыртқыш, тұрғындарға ауысқан.

Итқұстың көзін жойған ауылдың азаматтары, бірден сараптамаға жіберген.

Қасқырдан зардап  шеккен ауыл тұрғындары құтырмаға қарсы екпе алуда. Қазір зардап шеккендермен байланыста болған тағы сегіз адам дәрігерлерге қаралып жатыр. Ауылдағы барлық мал екпе алды. Ветеринарлар ауылды дезинфекцияламақ.

“Аса қауіпті ауру ошағының тіркелуіне байланысты ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне ауылдық округте тіркелген 3204 бас малды вакцинациялау үшін құтырмаға қарсы вакциналар беру жөнінде сұрау жіберілді, сондай-ақ дезинфекцияға арналған препарат сұралды”, – деп мәлімдеді БҚО ветеринария басқармасының басшысы Балдай Сапарғали.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі