Қаралы Қаңтар оқиғасына бір жыл толған уақытта қоғам белсенділерінің ізін аңдыған полицейлер Алматы қаласында “Демократиялық партияның” белсендіcі Абзал Достияровтың қызын балабақшаға апара жатқан жерінен ұстап әкетеді.Белсенді баласы психологиялық травма алғанын айтады.
БҮЛДІРШІННІҢ ТҰТҚЫНДАЛУЫ ДЕГЕН НЕ СҰМДЫҚ?
– Себепті яки себепсіз елдің кәмелет жасқа толған азаматын тұтқындау, ұстап әкету, күштеп әкету істеріндегі заңның сақталып сақталмағанын тергемей-ақ қойдым. Бүлдіршіннің тұтқындалуы деген не сұмдық? Оның не жазығы бар? Бала дегенде аққан су тоқтап қалу керек. Зорлық-зомбылыққа сүйенетін қауіпсіздік, қауіпсіздік емес. Ол — қылмыс. Кішкентай, 4 жасар бүлдіршінге бұл озбырлықты, бұл травманы жасау үшін қандай қатыгез болу керек? Балабақша жолынан алып қалу, не деген сұмдық? “Бүгін оқымайсың” деуге кімнің құқы бар? Біле білсеңдер күллі білім беру ошақтары мемлекеттің идеологиялық аппараты. Мына елді сүй десең, сол елдің идеологиялық білім беру ошағынан баланы алып қалу қандай жаман қарама-қайшылық. “Құқық қорғаушылардың” бұл әрекетіне қай жақтан қарасаң да еш мән жоқ! Алайда соншалықты аяусыз, мейірімсіз, мәдениетсіз. Варварлық! Бұл жағдайға неліктен билік өкілдері, неліктен @unicefkazakhstan үнсіз қалады?



[…] қатысты полицейлердің жосықсыз әрекеті жайында жазған еді. Парламент Мәжілісінің “Ақ жол” […]