///

    Не мемлекеттен, не білікті маманнан қайыр жоқ

704 рет қаралды
ашық дереккөзінен

2 жасар кішкентай Айлуна есімді қыздың денсаулығын сақтап қалу үшін, жақын арада ота жасау керек. Бірақ, мемлекетте ондай ота түрі жасалмайды, сонымен қатар шет елде жасауға рұқсат та бермейді. Еліміздің медицинасы бұндай аурумен күресе алмаса, неге бүлдіршіннің өмірі үшін отаны өзге елде жасауға рұқсат бермейді?

Айлунаның анасы: Жазира Абаевна (есімі өзгертілген):

– Қызым үш рет наркоз алды. Жасы небәрі 2-де.  Бірақ жасалған үш отада қызыма пайдалы болмады. Қазіргі таңда қызым жасанды құралдың көмегімен ғана кіші дәретін шығарады. Өздігінен шығара алмайды. Диагноз бойынша уақытша ем ретінде кататер берілген. Катетермен әр 2 жарым сағат сайын жасанды  түрде дәретін шығарып отыру керек. Бірақ ол қыз бала ғой. Қашанға дейін осылай жүреді? Әр дәретін шығарған сайын ауырады, қызарып кетеді, ашиды. Кішкентай қызға бұл қиын жағдай. 

Сонымен қатар, ол катетерді бізге мемлекет бермей жатыр. Негізі жазып берген қағаз бойынша берілу керек, бірақ оған да қол жеткізе алмай отырмын. Оның әр данасы 400 тг тұрады. Күніне кем дегенде 6  рет қолданамын.Енді өзіңіз есептеп көріңізші, маған тек катетер үшін айына қаншама ақша кетеді. Тек катетер болса жарайды, бірақ қосымша дәрілері мен қолданатын заттарды да өзім аламын. Үйде баланың күтімімен жұмыссыз отырған анаға бұл өте үлкен салмақ. Ал жолдасымның табысы пәтер ақы мен азық-түлік алудан артылмайды. 

Осы ауруының салдарынан қызымның өсу процесі дұрыс емес. Жасына  бойы мен салмағы сәйкес келмейді. Бұл да медициналық тұрғыдан қарағанда дұрыс емес. Сол үшін дәрігерлер “Малоежка” тағамын тұтынуды ұсынған еді. Бірақ бізде оның бәрін алуға қаржымыз жетпейді. Мемлекет тарапынан да көмек көрсетілер емес. 

Қазақстандық дәрігерлерге барғанымда, балаңның емі жоқ, осылай қалады деп айтады. Бірақ мен ем іздеп Ресей мемлекетінің дәрігерлерімен де хабарластым. Олар Ресейге келіп ота жасатса, баланың қалыпты өмірге көшуіне әлі де мүмкіндік бар екенін айтты. Бірақ біз емделіп шыққан “Ана мен Бала” орталығы бізге “шет елге шығып ота жасатуға рұқсат қағазын” бермей отыр. Әр барғанымда әртүрлі сылтаулар айтады. Екі айдан кейін келіңіз немесе бес айдан кейін келіңіз деп. Мен осылай уақыт созып жүргенде қызымның  бүйрегінен айырылып қалсам кім жауап береді?

Біз Жазира ханымның сұхбатынан кейін бірден “University Medical Center” корпоративтік қорының медициналық директоры Алтынова Венера Ханапиевнаға хабарластық. “Ана мен Бала” емханасы осы орталыққа қарайды.  Венера ханымға Whats App желісі арқылы хабарласып, оған тағы бір рет Айлунаның диагнозын жіберген едік. Танысып көріп қандай пікір айтатынын білгіміз келді. Сұрақты да бірден “шет елде емделу үшін рұқсат қағазының” неге берілмей жатқанынан бастадық. Венера Ханапиевна “Балаға қандай ота жасау керегін біздің мамандар айту керек, және ол ота біздің елде жасалса, біз ондай рұқсат қағаз бере алмаймыз” деп қысқа қайырды.

Венера ханымға осыған дейін үш рет Айлунаның “Ана мен Бала” орталығында ем алғанын, бірақ оның нәтижесі болмағанын айтып, диагнозды жіберсек те, оның жауабы жоғарыда Жазира ханым айтып өткендей болды. “Ол қыз бізге 6 айдан кейін келсін, дәрігерлер тексереді, сосын нақты диагнозы белгілі болады”,-  дейді. 

Сонда алты ай бойы кішкентай Айлуна жасанды құралдармен дәрет шығарып жүре бере ме? Оның денсаулығы не болмақ? Орталық 6 ай өтуін күтіп жүргенде  кішкентай қыз бүйрегінен айырылып қалмауына кім кепіл?

Айдана Игібаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі