//

Отандық шоу бизнестің құны қанша?

593 рет қаралды
сурет ғаламтордан

Пандемиядан кейін қайта жанданған концерт, тойлар шоу бизнес өкілдерінің өміріне қан жүгірткендей.  Елімізде жиі концерттер беріліп, тіпті шет елдік жұлдыздар да қонаққа жиі келіп тұрады.

Осыған орай, біздің отандық жұлдыздардың назы бар көрінеді. Елімізге белгілі әнші Дастан Оразбеков Динара Сатжанға берген сұхбатында отандық әншілерді төмен бағалайтынын айтты.

Онымен қоса, “шет елден Лобода келгенде, халық оған 50 000 теңгеге барды, ал менің билетімнің ең қымбаты 17 000 теңге, “адамдар өздерінің рухани сұраныстары үшін төлеуге дайын, алайда  жергілікті әншілерді  қолдауға дайын емес” деді отандық әнші.

Дегенмен халық, отандық әншілердің “той бизнеске” бет бұрғанын сынап жатты. Оларды тойда да жиі көретінін айтып, “егер тойда өзіңмен бірге отырып, ән салып, жұрттың көңілін көтеріп жүрген әнші концерт берсе, оған барудың қажеті қанша?”  комментарилерде жарыса жазды.

Оның ішінде тіпті осы сұхбаттан кейін “билетті 50 мың теңгеге алуға дайынмын” деп жазған желі қолданушылары да болды. Дастан Оразбековтің жеке кешіне барған адамдар, концерттің жоғарғы деңгейде өткенін айтып, талантына тамсанды.
Мерекелер бастау алған уақытта, шоу бизнес өкілдері төлемақылары сұранысқа қарай көбейетінін, тіпті үй көрмей, мерекені сахнада қарсы алуға дайын екенін де жасырмады.
Ал сіз отандық шоу бизнесті қаншаға бағалайсыз?

Гаухар Сатбаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері