////

Ресейдегі мобилизация: пәтерақыға қалай әсер етті? 

1921 рет қаралды
фото: Eurasia.ru

2022  жылдың  21 қыркүйегінде Ресей президенті Владимир Путин жартылай жұмылдыру туралы шешім қабылдап,  соған орай бұл елдің Қарулы күштері бейбіт жағдайдан толық әскери дайындық жағдайына ауысты. Қосымша сапта тұрған әскерилермен қатар, бұрын борышын өтеген азаматтар да алдыңғы көшпен шақырту алды.

Ресей азаматтарының бір тобы бас сауғалау мақсатында түрлі аймаққа қоныс аударды. Бұл оқиға Ресейде ғана емес, онымен көршілес елдерде де бағаның  қымбаттауына әсер етті. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуі бойынша, 2022 жылы 21 қыркүйектен 3 қазанға дейін Қазақстанға Ресей Федерациясының 282 мыңға жуық азаматы қоныстанған. Олардың 50%-ы Қазақстанда қалған. Ал бұл жағдай халық көп шоғырланған қалаларда қоғамда дүрбелең тууына алып келді. Бағаның шарықтауына да әсері болды. Мобилизация кезінде бір күн ішінде пәтер иелері жалдау ақысын өсіріп, пәтер жағалап жүргендердің біразына қауіп төнді.  

(Krisha.kz сайтындағы мәліметтер бойынша жасалды)

Кестеде көрсетілгендей, мобилизация баспана бағасының екі-үш есеге дейін көтерілуіне алып келіп, жергілікті тұрғындар үшін баспана жалдау мәселесін ушықтырды. Қонақүй және бір күндік пәтерді жалға алу құнының өзі 90%-ға дейін өскен. 

Осы мәселеге қатысты қоғамның ой-пікірін білу мақсатында әлеуметтік желіде сауалнама жүргізген едік. Сауалнамаға 210 адам жауап берді. Олар «Үйді жалға алып тұрасыз ба?», «Пәтерақы бағасы қандай еді және мобилизация кезінде қалай өзгерді?», «Мобилизация кезіндегі пәтерақы бағасы мен қазіргі бағада айырмашылық бар ма?» деген  сұрақтарға жауап берді. 

Біздің сауалымызға жауап бергендердің 70%-ы – студенттер, қалған 30%-ы әртүрлі сала қызметкерлері.  Олардың бәрі де Алматы қаласының тұрғындары. Сауалнамаға қатысушылардың 33,3%-ы өз үйінде, 66,7%-ы пәтер жалдап тұрады.

 
 

Сауалнамаға қатысушылардың барлығы бірдей пәтерақының қымбаттауын мобилизацияның әсері  деп санайды. Сонымен қатар, мобилизация кезінде пәтерақы  екі-үш  есеге қымбаттады деп есептейді. 

MediaNet халықаралық журналистика орталығы және  DW Academy  медиа дамыту халықаралық ұйымымен бірлесе Twitter, Telegram, Facebook желілеріндегі ақпараттар мен деректерді сараптап, нақтылы түрде талдау жасауға көмектесетін, көші-қон процесі жайлы толық дерек ұсына алатын https://dataforcrisis.com платформасын іске қосқан болатын. Мобилизация кезінде әлеуметтік желілерде түрлі жаңалықтар тарады. Платформадағы деректерге сүйенсек те, мобилизация кезінде пәтерақы бағасы өскен. 

Мобилизацияға дейін: 01.01.2022–01.09.2022

“Аренда” тіркесімен Telegram қосымшасында 845 хабар алмасқан. Олардың көп бөлігі өздеріне қажет ақпарат сұрастырып, пәтер іздеген. Мысалы: “Аренда” тіркесімен Telegram қосымшасында 8414 хабар алмасқан. Хабарламаларда мигранттардың пәтер іздегенін, пәтерақы бағасына деген наразылығын байқауға болады.

6-сурет. (https://dataforcrisis.com платформасынан алынған)

Мобилизациядан кейін: 10.01.2023–0.03.2023

“Аренда” тіркесімен Telegram қосымшасында 1032 хабар алмасқан. Бұл кезде де пәтерақы бағасының көтерілуі мен пәтер іздеген халықтың наразылығын байқауға болады.

7-сурет. (https://dataforcrisis.com платформасынан алынған)

20.09.2022–31.12.2022 мобилизация жүрген мерзім аралығында Twitter, Telegram, Facebook желілерінен “аренда”, “квартира” сияқты мигранттар іздеген, қолданған кілт сөздерге талдау.

8-сурет.  (https://dataforcrisis.com платформасынан алынған)

Data for crisis  плафтормасындағы деректерге сүйене отыра, мобилизация кезіндегі Telegram қолданушыларының түрлі жаңалықтар мен хабарламаларға эмоциясының жалпы көрсеткішін қарастыратын болсақ:

 9-сурет. (https://dataforcrisis.com платформасынан алынған)

Ресейде болған жағдай әлемдік деңгейде дүрбелең туғызғаны анық. Қоғамда үрей мен қорқыныш, ашу мен ыза қатар жүрді. Дегенмен де, мобилизация салдарынан зардап шеккен тек халық екені анық. Пәтерақы бағасының, азық-түлік бағасының өсуі сияқты қарапайым өмір сүруге кедергі келтіретін факторлар әсерінен үлкен дүрбелеңдер туды. Алайда, мұндай жағдайлар тұрғылықты халықтың тұрмыс-тіршілігіне зиянын тигізбеуі керек. Мұндай мәселелер мемлекеттік деңгейде реттелгені жөн.  

Сарсенова Іңкәр Саятқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар