///

Масс-медиа туралы заң қандай болуы тиіс?

2050 рет қаралды

28 Қыркүйекте Астанада “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау қорының ұйымдастыруымен “Қазақстанның медиа кеңістігін реттеуді реформалау: ашықтық, тиімділік және ақпараттық қауіпсіздік” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Демократияның қозғаушы тетіктерінің бірі әрі бірегейі журналистиканың болашағын айқындайтын “Масс медиа туралы” заң жобасы талқыланып жатқалы біраз уақыт болды.

Заң жобасы өткен көктемде Парламент Мәжілісіне түсіп, заң жобасының жұмыс тобының мүшелері жасақталған болатын. Парламенттегі жұмыс тобының жетекшісі Жанарбек Әшімжанның айтуынша қазір жұмыс тобына депутаттардан, қоғамдық ұйым өкілдерінен, журналистерден жүзге жуық адам қатысып жатыр екен. Парламентте жұмыс тобының тоғыз отырысы өткен.

Жиынға қатысушылар талқыланып жатқан заң жобасының ең проблемалы мәселелеріне тоқталды.

Мәселен Интерньюс-Қазақстан қорының заңгері Ольга Диденко ақпарат құралдарын қаржыландырудағы проблемаларды саралады.

Ольга Диденконың мәліметі бойынша Қазақстандағы ресми тіркелген ақпарат құралдарының 20%-ы ғана мемлекеттік, қалғаны жекеменшік. Алайда олардың басым көпшілігі мемлекеттік тапсырманы орындаумен күн көреді.

2019-2021 жылдар аралығында мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыру мақсатында 140 миллиард теңге аударылған екен. Осы соманың 80%-ын екі мемлекеттік арна мен бір ұлттық оператор алып келген. Мәселен, осы жылдар аралығында мемлекеттік тапсырысқа бөлінген 13 200,7 миллиард теңгенің 9 059,5  миллиардын “Қазтелерадио” (5,6%), 51 173,5  миллиард теңгесін (31.4%),  69 072,0 миллиардын  (42,4%) «Қазақстан» АҚ алған.

Бұл ретте аталған ақпарат құралдарының рейтингідегі позициясы жақсарғанымен, контенттің сапасы керісінше құлдырап кеткен. Мәселен, “Қазақстан” телеарнасы рейтингте сегізінші орыннан, төртінші орынға жылжыса да, контенттің басым көпшілігі шетелдік телеөнімдердің дубляжы.

Мәселен, тедеарнаның өз контентінің үлесі 2018 жылы  50,73% болса, 2020 жылы -38,27%-ға дейін құлдыраған. Керісінше,  шетелдің дайын өнімі 4, 77%-дан ( 2018 жылы), 34,3%-ға (2020 жылы) өскен.
ҚР Есеп Комитетінің мәліметі бойынша, бюджет қаражатын игеруде көптеген заң бұзушылықтардың болғанын айтады.
Заңдағы тағы бір басты мәселенің бірі Мемлекеттік БАҚ-қа берілетін анықтама. Оның мемлееттік ақпарат құралы екенін кім анықтайды, қалай анықтайды, қандай формада болады, кім қаржыландырады? т.б. мәселелерге берілген анықтама жоқ, Сондай-ақ, 100% мемлекеттен қаржыландыратын ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты алуы қаншалықты қисынды.
Қазіргі заң жобасында егер ақпарат құралдарының жарғылық капиталының 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі болса, ол мемлекеттік деп есептелінеді делінген. Бұл дұрыс емес. Өйткені 51%-ы мемлекетке тиесілі, қалған 49%-ы кәсіпкерге тиесілі болса, мемлекеттің қаржысы негізінде қәсіпкердің баюына жағдай жасаймыз ғой деді Ольга Диденко.
Сол секілді ақпарат құралдарын қаржыландырудың нақты механизмдері дайындалуы керек. Бұл ақпарат құралы неге мемлекеттен қаржылануы тиіс, оның түпкі иесі кім екендігі талап етіле ме, жоқ па? Бұл сұрақтарға да нақты жауап жоқ.
Осы мәселені арықарай жалғастырған Диана Окремова интернет ресурстардың 2023 жылдың үшінші кезеңіне арналған тақырыптары туралы сөз етті. Онда 13 тақырып қамтылған. Солардың бірі ретінде І президенттің іс әрекетінің басым бағыттардың біріне енгені көпшілікті таңқалдырды.
Қорыта келгенде, жиынға қатысушылар заң жобасында бұдан өзге де түйткілді мәселелерге тоқталды. Солардың бірі журналистік кәсіптің ерекше статусы, пресс картаның не үшін қажет болатындығы және журналистердің жалақысының төмендігі. Медиа корпорациялар мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыру үшін соншама ірі көлемде қаржы алғанымен, соңғы бенефициар, журналистердің жалақысы өте төмен екендігі де тілге тиек етілді.
Cуреттерді түсірген автор
Инфографика: Альбина Булатова
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар