//

Костенко шахтасындағы апат: Опат болғандардың саны 45-ке жетті

664 рет қаралды
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі сайтынан

Костенко атындағы шахтада 45 кеншінің денесі табылды

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
1 кеншіні іздеу әлі жалғасуда. Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізіліп жатыр. Кеншілер орналасуы ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда.

Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.

Бүгін апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Министрліктің хабарлауынша, тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралған, онда: шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы; металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері; желдету құрылыстарының зақымдануы анықталған. Ведомство көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты екені туралы мәлімдеді.

Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыстар жалғасуда.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі