////

Митталдың орнын Басин баса ма?

960 рет қаралды

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған сапарында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туған-туыстарымен кездесіп, оларға көңіл айтты.

Кездесуде «Ертең бүкіл еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланады. Мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек», – деген Президент бұрын «АрселорМитталда» жұмыс істеген, облыс әкімінің орынбасары болған Басин Вадим Борисович деген азаматқа қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырғаны туралы мәлімдеді.

Вадим Борисович Басин деген кім? 

Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Вадим Басин Қарағанды облысы әкімінің шағын және орта бизнесті дамыту, өнеркәсіп, индустриализация және инвестиция, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ТЖ, құрылыс, көлік және жолдары мәселелері жөніндегі бірінші орынбасары.

Президент айтып өткендей Вадим Басин 2003-2011 жылдар аралығында «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамының бас энергетигі болып еңбек етсе,

2011 жылдан бастап жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарған.

2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, ал кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалған.

2017 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеген.

2021 жылғы 26 шілдеден бастап Қарағанды облысы әкімінің энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.

2022 жылғы 12 қазанда Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Вадим Басин, 1962 жылы дүниеге келген, екі жоғары білімі бар. 1985 жылы «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1990 жылы «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын аяқтаған.

Вадим Басин туралы тағы да белгілі болғаны, ол 2022 жылдың 14 маусымынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі.

2020 жылы «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болған.

«Отан», «Құрмет» ордендерінің, «Қазақстанның Еңбек Ері» атауының, Алтын жұлдыздың иегері.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар