//

Супермарафоншы Марат Жыланбаев 7 жылға сотталды

780 рет қаралды
Сурет vlast.kz сайтынан алынды

Астана соты танымал марафоншы, “Алға, Қазақстан!” оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты 7 жылға соттады. Сот азаматтық белсендіге “терроризмді қаржыландырды” деген айып тақты.

Астанада өткен жабық сот процесінің үкімі онлайн оқылды. Жабық сотқа оппозициялық белсендінің туыстарын да,  журналистерді де кіргізбеді. Белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараевтың сөзінше, соттың жабық әрі онлайн өтетіні жайлы сот процесіне 10 минут қалғанда хабарланған.

— Бұның себебі басқа белсенділер мен журналистерді қатыстырмау. Басқаша қалай түсінуге болады? Тек шындықты айтқаны үшін ғана 7 жылға қамау оңай дүние емес. Ол қарсы болды, қарсы пікір білдірді. Сөзсіз аппеляцияға береміз. Оның құқығы бұзылмақ түгілі тапталып бітті, -дейді белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараев.

Әлеуметтік желіде Жыланбаевтың 7 жылға қамалуы біраз резонанс тудырды. Белсенділер өкінішін білдіріп, Ақ Орданы сынға алды. Соның ішінде Тоқаев режимін сынға алушылардың бірі саясаттанушы Шалқар Нұрсейіттің пікірінше, соттың жабық өтуі бірінші кезекте Тоқаев режимінің саяси репрессияны жөн көретінін білдіреді.

— Жыланбаевтың ұсталуы, отырыстардың жабық өтуі тіпті үкімнің өзін онлайн жариялауы істің саяси іс екенін және Марат Жыланбаевтың саяси тұтқын екенін көрсетеді. Ешқандай “Жаңа Қазақстан”, “Әділетті Қазақстан” іс жүзінде жоқ екенінің көрсеткіші,-деді саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт.

Марат Жыланбаев сотта соңғы сөзін айтқан еді. Ол ешқандай кінәсі жоғына, 2016 жылы митингіге шыққан сәттен бастап саяси қудалауға түскеніне дәлелдерін келтірді.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар