///

Мәжіліс педофилдер мен лаңкестердің елге кіруіне тыйым салатын заң қабылдады

628 рет қаралды

Ақпанның 14-інде Мәжілісте спикер Ерлан Қошанов төрағалық еткен жалпы отырыс өтті. Отырыста депутаттар халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдап, ЕАЭО елдерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялады.

Бұдан былай заңнамаға енгізілетін өзгерістерге сәйкес кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін сотталған шетелдіктердің елімізге кіруіне және Қазақстан азаматтығын алуына шектеу қойылады, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге де елге кіруге тыйым салынады.

Сонымен қатар көші-қон саласындағы заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі айқындалды және Төтенше жағдайларда мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалану мәселесі реттеледі. Бұл туралы заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Магеррам Магеррамов хабарлады.

Аталған заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған еді. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.

Магеррам Магеррамовтың айтуынша құжатты пысықтау барысында депутаттар

  • «қандас» мәртебесін беру;
  • Қазақстан азаматтығына қабылдау және оны қалпына келтіру тәртібін жетілдіру;
  • еңбек мигранттарына бір айдан он екі айға дейінгі кез келген мерзімге еңбек рұқсатын алу және оны елден шықпай-ақ ұзарту мүмкіндігін беруге бағытталған және одан басқа бірқатар нормаларды енгізген.

Сонымен қатар заңда жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ерікті қоныс аударушылардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін конкурссыз алу құқығы да қарастырылған.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі