////

Асқар Марлен, жас жазушы: Өмірде кез-келген дүние аяқ-асты орын алады, әрі ол белгілі бір жетістіктерге жеткізіп жатады

931 рет қаралды

Асқар Марлен — 24 жастағы жас ақын, жазушы, Шымкент қаласының тумасы. 2017-жылдан бері Алматыда тұрады. Мамандығы — Журналист. SDU университетінің түлегі. Мектеп кезінен өлең жазған. Кітап жазуды мақсат етпесе де, бүгінгі таңда жас автор екінші туындысын жарыққа шығармақ. Minber.kz сайты оқырмандарға жас жазушының шығармашылығымен танысу үшін шағын сұхбат ұсынады.

— Жазушылық өнер бәлкім бала күннен бар болған болар бойымда, бірақ кітап жазуды қолға алуым 2022-жылдың қысында бастау алды. Әзірбайжандық жазушы-Эльчин Сафарлидің нақыл сөздері қатты ұнайтын. Өзімде кейде бір нақыл сөз бен өлең жолдарын жазып тұратынмын. Телеграмда қазақ тілді арналар көбейіп, өзім секілді өлең немесе ойларымен бөлісетін жандардың саны артып, қазақ тілінде телеграмда контент пайда болды. Мен де сол бастаманы бастаған жандардың бірі болдым. Контент. Бірі өмірге байланысты ойын бөліссе, бірі кәсіп жайлы, бірі өнер жайлы ойын жазады, бірі ішкі жан дүниесіндегі сезімдерін сөз етеді, бұл процесс жалғаса береді деп ойлаймын.   Сөйтіп өмірдің ағы мен қарасын жырлап, түрлі жағдайларға байланысты ойларыммен бөлісе отырып, жаза алу қабілетімді арттырдым деуге болады, .

Марлен мырзаның жазушылықтағы жолы Эльчин Сафарлидің “Когда я вернусь, будь дома” романын оқудан бастау алған. Шығармадан шабыт алып, өз туындысын жазуға кіріскен.

— Оқып аяқтауға шақ қалған шағымда өз туындымды жазуды бастадым. Ол кезде оның романға айналарын білген жоқпын. Басы басталды, жалғасын таба берді. Белгілі бір жанның, белгілі бір басынан өткен оқиғасы көз алдымда пайда болды. Иә, бұл алғашқы роман болғандықтан, қиялдан туған туынды болды. Жазу үстінде әр сахнасын елестете алдым.

togysqantagdyrym_ инстаграм парақшасынан

Жас автордың алғашқы кітабы 2023 жылы “Тоғысқан Тағдыр” деген атпен жарық көрген. Роман баспаға шықпас бұрын, белгілі журналист, редактор, “Игілік”-журналының иесі, әрі бас редакторы — Меруерт Айтенова оқып шығып, “оқуға лайық, жеткізер ойы бар, адамзатқа пайдасы бар, әрі керемет желісі бар туынды”, деп баға берген. Шығарма желісі тек махаббатты емес, достық, адамгершілік, үміт, сенім дейтін адами қасиеттерді сөзге тиек етіп, қозғайды.

Тұңғыш туынды тұсауы Чехов атындағы кітапханада кесілген. Қазіргі таңда, Асқар Марленнің шығармасын “Kitapalkz” дүкенінен таба аласыздар. “Тоғысқан Тағдыр” оқырманға ұнаған соң, автор екінші кітап жазуға бел буған.

— Оқыған жандардың да, өзімнің 60%-ға болсын көңілімнен шыққандықтан, тағы бір роман жазуым керек деп шештім. Алғашқы роман әсіресе қыз балаларға қатты ұнағанды, себебі махаббатты тым әсірелей қозғаған едім. Көзден жас та ақты, сезінді де, сезіне алды да, қуана алды да, мұңая алды да. Жалпы алыс жақын шет елдің емес, өзіміздің менталитетке жақын етіп жаздым деп ойлаймын, ұға білу үшін, ұғына білу үшін. Бізді өзгелер емес, өзіміз ұғамыз. Ал, шет елдіктер ұғып жатса, бақыт!

togysqantagdyrym_ инстаграм парақшасынан

Бүгінде, Марлен мырза желісі өмірде шын мәнінде орын алған “Жол” атты романды аяқтап қалды. Маусым айының ортасы немесе аяғы тұсаукесері болады. Нақты уақыты мен күні togysqantagdyrym_ парақшасында белгілі болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар