//

Президентке талабын айтпақ болған бір топ адам Ақордаға барды

410 рет қаралды
Дереккөз: Азаттық Радиосы

12 қарашада Астанада 20 шақты адам президент резиденциясы – Ақорда маңына жиналды. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады

Алматы, Астана, Көкшетау, Маңғыстау секілді түрлі өңірден келген адамдар талабы әртүрлі болды, бәрі сот жүйесіне наразы екенін жеткізді.

Бірі – алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылып қалған, екіншісі – баласының мүгедектік тобын ауыстырмай жатыр деп шағынды. Тағы бірі – сот шешіміне сай, жалғыз баспанамнан айырылып қалған. Олар сот шығарған шешімдерді заңсыз деп есептейді.

“Кезекші депутаттардың бәрімен кездестік, нәтиже жоқ. Сондықтан парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановпен жолыққымыз келеді”,- деді наразылардың бірі. Жиналғандар президенттің де бұл мәселелерге назар аударуын қалайды.

Жұрт билік өкілдерімен кездесе алмады, президент әкімшілігіне арыздарын қалдырып кетті.

Арнайы жасақ олардың әрекетін сырттай бақылап тұрды. Ешкім ұсталған жоқ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар