/

Әжемнің әңгімелері бейбіт өмірдің қадірін түсінуге жетеледі

67 рет қаралды

Фото авторы: Бекзат Қанәділ

Ұлы Жеңіске – 80 жыл.
1941 жылдың 22 маусымында басталған Ұлы Отан соғысы – адамзат тарихындағы ең қасіретті, ауыр кезеңнің бірі. Бұл соғыс миллиондаған адамның тағдырын өзгертті. Қазақстаннан 1 миллионнан астам азамат майданға аттанып, жартысынан көбі туған топырағына қайта оралмады.
Мұндай ұмытылмас ерлікті еске алып, мектебіміз бұл күнге ерекше дайындықпен кірісіп отыр. Біз Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Байсеит ауылының И.Таиров атындағы мектептің оқушылары сап түзеп, салтанатты шеруге қатыстық.

Тарихты білу – біздің парызымыз. Әжем соғыс жылдарындағы қиындықтар туралы жиі айтып отырады. Сол әңгімелер мені бейбіт өмірдің қадірін түсінуге жетеледі. Бейбіт күннің қадірін әжемнің әңгімесінен ұқтым. Олар соғысқа қатыспаса да, сол жылдар жоқшылық пен қорқынышқа толы болғанын, елдің қандай ауыр күндерді бастан кешкенін айтып берді.
– Бұл күнді мен де жан-жүрегіммен күтемін. 80 жыл деген аз уақыт емес – бір дәуір. Атам соғысқа аттанғанда анам әлі дүние есігін ашпаған еді. Енді, міне, анам 85 жасқа келіп отыр. Осы жылдар ішінде біз бейбіт өмір сүріп келеміз. Бұл – үлкен бақыт. Кейінгі қаракөз ұрпақтың бақытына еліміз тыныш, жұртымыз аман, аспанымыз ашық болсын. Соғыс ешқашан қайталанбасын! – деді әжем.
Жеңіс күні – бұл жай мереке емес, бұл тарихқа тағзым.

Альфина Асанджанова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар