//

Абай облысындағы қайғылы жол апаты: эпилепсиясы бар жүргізуші балаларды қақты

755 рет қаралды

Фото: digitalbusiness.kz

Абай облысының Бестерек ауылында болған қайғылы жол апатынан кейін 55 жастағы жүргізушінің 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрғаны анықталды, деп хабарлайды «Жетінші арна».

Апаттан соң полиция департаменті тарапынан талап қойылып, Үржар аудандық соты жүргізушінің көлік жүргізу құқығын уақытша тоқтатты.

Заңға сәйкес, эпилепсия диагнозы бар адамдарға көлік жүргізуге тыйым салынған. Себебі, кенеттен ұстама болып қалу үлкен қауіпке, тіпті қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.

Айта кетейік, бар-жоғы екі апта бұрын Астана прокуратурасы он адамға дәл осындай диагноз қойылып, олардың жүргізуші куәлігі алынғанын хабарлаған. Тексеру барысында кейбір азамат дәрігерлік тыйымға қарамастан рульге отырғаны анықталған. Бір жағдайда жүргізуші талма кезінде екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Бегім Көктүрік

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.