Сурет: www.instagram.com
Жанкүйерлер халықаралық рейс жолаушыларын қарсы алу аймағында жиналған. Алайда көпшілік күткендей болмады. Өйткені “Реал Мадрид” ойыншылары әдеттегі есіктен емес, оңтүстік ВИП арқылы шыққан.
Бірақ ВИП аймағында болған жанкүйерлер тобы қоршаудын сыртынан болса да сүйікті фуболшыларына қолдауын көрсете алды. Ұзақ ұшып келген мадридтік клуб ойыншылары бірден көліктерге отырып, қонақүйге асықты. Әуежайдан қалаға қарай бағыт алған кезде адамдар жол бойына тізіліп, “Реалды” ыстық ықыласпен қарсылап жатты.
Алматы халықаралық әуежайы өзінің телеграмында Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншыларды қазақы дәстүрмен қарсы алғанын жазды. “Қонақтарға қазақы қонақжайлық пен ыстық лебіз ықыласы көрсетілді. Футболшыларға УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы ерекше әсер етті. Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді”,– делінген әуежайдың телеграм арнасында.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы Чемпиондар лигасы матчы өтеді.
Түгелбай Бисен,
БҚО. Орал қаласы
Парақшамызға жазылыңыз