Фото: Михаил Метцель newtimes.kz
Чигиринский Юрий Дудьке берген сұхбатында Ресейде бизнесінен айырылғаннан кейін қымбат жылжымайтын мүлкін сатуға мәжбүр болғанын айтты.
Ресейдің ең ауқатты олигархтарының бірі – Шалва Чигиринский Нұрсұлтан Назарбаев оның Францияның оңтүстігіндегі зәулім вилласын алу үшін жарты миллиард доллар ұсынғанын айтады.
-Маған Назарбаевтың адамдары келді. Олар оған Францияның оңтүстігінен жазғы резиденция іздеп жүрген. Міндетті түрде тікұшақ қонатын алаң, екі бассейн, көп жатын бөлме қажет деп айтты. Мұндай талаптарға сай вилла жоқтың қасы, ал бұл нысан Монакоға жақын жерде орналасқан. Үлкен ішкі бассейн, сыртта тағы біреуі, қонақ үйі бөлек, оның да өз бассейні бар. 3,5 гектар аумақта орналасқан. Тіпті бомбаға қарсы қоймасы болған, мен оны шарап жертөлесіне айналдырғанмын, – деді Чигиринский.
Нәтижесінде вилланы «Газпромнефть» 70 миллион долларға сатып алған.
Дереккөз: kaz.orda.kz
Парақшамызға жазылыңыз