//

Болат Назарбаевқа тағы бір кәсіпкер шағым түсірді, ал Самат Әбіш болса тергеуге шақырылды Назарбаев әулетінің мүшелеріне тықыр таянды ма?

1332 рет қаралды

Ел ішінде Н.Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың «рейдердік зорлық» жасағаны аракідік айтылып қалатын. Енді кейбір кәсіпкерлер нақты іске кірісіп, шағым түсіре бастапты. Оның бірі – бизнесмен Нұрша Кәкенов.

Оның «Karuan компаниясын рейдерлік жолмен тартып алғаны» туралы шағым түсіргенін қаржы мониторингі агенттігі растады. Мәліметке сәйкес Алматы прокуратурасының экономикалық тергеу департаментіне 17 маусымда шағым түскен. Онда «Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеруге жатады, оның нәтижелеріне құқықтық баға беріледі» деп жазылған.

Енді бір ақпаратта Болат Назарбаевтың  бұрынғы әйелі Майраның да аты аталады.

Kozachkov offside Telegram-арнасының хабарлауынша, құзырлы органдарға тиісті мәлімдемені Нұрша Кәкенов берген. Ол «Karuan» ЖШС құрылтайшыларының бірі болғанын, бірақ оның үлесін тартып алып қойғанын жазды. Арызданушы шығынын 150 млн долларға бағалаған.

Ашық деректерге сәйкес, «Karuan» ЖШС Маңғыстау облысында марганец өндірумен айналысқан.
Еgov.kz порталының хабарлауынша, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестік иелерінің бірі болған, бірақ сол жылы бірінші президенттің інісі ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып қалған.

Ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап компания екі заңды тұлғаға тиесілі – «Central Asian Investment Consulting Company» ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD. 2021 жылы «Karuan» ЖШС жұмысын тоқтатқан.

Ал бұрынғы президент Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен қаңтар оқиғасына қатысты жауап беріп жатыр.  Қазинформ таратқан мәліметке сәйкес, оның күдікті немесе куәгер ретінде тергеуге шақырылғаны белгісіз.

Мәжілісте тілшілер сауалына жауап берген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірхановтың айтуынша, тергеу органдары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр. «Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол сонда болуы керек»,

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар