Чемпиондар лигасының ширек финалында «Қайрат» өз алаңында есе жіберді.
UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында Испанияның «Картахена» клубын қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Тартысқа толы өткен кездесуде қазақстандық команда мінез танытқанымен, шешуші сәтте сәттілік қарсылас жағында болды.

Ойын жоғары қарқында басталды. Екі ұжым да шабуылда белсенділік танытып, ашық футзал көрсетті. «Қайрат» алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін қолға алуға ұмтылып, бірнеше қауіпті мүмкіндік жасады. Алайда испаниялық клуб қорғаныста сауатты ойнап, қарымта шабуылдарды тиімді ұйымдастырды.

Екінші таймда алаң иелері есепті теңестіруге барын салғанымен, «Картахена» өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, жеңісті сақтап қалды. Енді қос команда қарымта матчта жолығып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, осы тур аясында қазақстандық тағы бір клуб – Semey Futsal да алаңға шықты. Олар Францияның Etoile Lavalloise командасымен кездесіп, 4:5 есебімен жеңілді. Аса тартысты өткен матчта интрига соңғы секундқа дейін сақталды.
Айару Абдуллаева,
Фотоға түсірген автор
Парақшамызға жазылыңыз
