/

Футзал: «Бәйтерек» пен «Қайрат» кездесті

982 рет қаралды
Футзал: «Бәйтерек» пен «Қайрат» кездесті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 29-туры “Амал” мерекесінің екінші күнімен тұспа-тұс келді.
Футзал: «Бәйтерек» пен «Қайрат» кездесті

Бұл күні оралдық “Бәйтерек” футзал клубы өз алаңында алматылық “Қайрат” футзал клубын қабылдады.

Футзал: «Бәйтерек» пен «Қайрат» кездесті
Наурыз бастауы саналатын, ел ішінде “Көрісу айт” мерекесі деп те аталатын мейрамды оралдық клуб ерекше атап өтті. Олар матч алдында “Бір жасыңмен, бауырым” акциясын өткізді.
Ойынға сыйлық ала шыққан “Бәйтерек” футзалшылары алматылық қарсыластарына ұлттық нақыштағы бас киім тарту етті.
Құрамында Қазақстаннан бөлек алыс-жақын шетел аяқдопшылары жиналған командалар ұлт дәстүріне, ұлттық мейрамға деген құрметін осылайша көрсетті.

– Президентіміз Бурабайда өткен ұлттық құрылтайдағы сөзін “Көрісу күні” мерекемен құттықтаудан бастады. Осы кезге дейін батыс аймақта аталып келген бұл күн ел ішіне тарай бастады. Біз де ұлттық мерекемізді, қазақы дәстүрімізді ұлықтауды жөн көрдік. Алматылық команда да, біздің ұжымда да мұхиттың арғы жағынан келген ойыншылар бар. Оларға кеңдігімізді, ақ пейілімізді көрсеткіміз келді. Баршаңызды өткен “Көрісу”, келе жатқан әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймыз, – деді команда жетекшісі әрі акция ұйымдастырушысы Сергей Любавин.

Футзал: «Бәйтерек» пен «Қайрат» кездесті

Ел жастарын спортқа баулу, олардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру қажет-ақ. Ал өзімізбен қатар өзге ел азаматтары да мәдениетімізге қызығушылық танытқаны көпшіліктің спортқа деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар