/

Коммуналдық сала мен энергетикаға 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция салынды

69 рет қаралды

Фото: pixabay.com

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2023-2024 жылдардағы ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту нәтижелері мен жаңа Ұлттық жобаның бағыттарын баяндады.

Вице-премьердің мәліметінше, 2023-2024 жылдардағы өтпелі кезеңде коммуналдық салаға шамамен 605 млрд теңге, ал электр энергиясын өндіру секторына шамамен 577 млрд теңге инвестиция тартылған. Осы уақыт ішінде елімізде 12 мың шақырымнан астам жылу желілері жөнделіп, соңғы жылдары қысқы уақытта желілерде апаттар тіркелген жоқ. Сонымен қатар, коммуналдық сектор қызметкерлерінің жалақысы 50%-дан 100% аралығында өсті. Осы кезеңде жинақталған тәжірибе негізінде әзірленген жаңа Ұлттық жоба инфрақұрылымның жеделдетілген және үдемелі жаңаруын көздейді. Бұл ретте тек тарифтік қаражат қана емес, халықаралық қаржы ұйымдарының капиталы, жеке инвестициялар және екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетіктері де кеңінен қолданылатын болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар