/

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — ауқымды өзгерістердің қозғаушы күші

68 рет қаралды

Фото: aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент өз құттықтауында елорданың Тәуелсіз Қазақстанның символы әрі ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күші екенін атап өтті. Бүгінде бас қала сапалық тұрғыдан жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болып, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптасып келеді.

​Қасым-Жомарт Тоқаев мереке қарсаңында билік пен қоғам институттарын жаңғыртуға жол ашқан Халық Конституциясының заңды күшіне енуінің символдық мәні бар екеніне тоқталды. Оның айтуынша, елорда мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейте түсті. Сондай-ақ Президент аймақтық және жаһандық саясаттың өзекті мәселелері талқыланатын бас шаһардың халықаралық абырой-беделі нығайып келе жатқанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Астананың жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіпке» және «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын көрінісі болуы керектігін айта келе, елорда тұрғындарына амандық пен табыс тіледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар