Қазақ тіліндегі кітаптар қоры 30 миллионнан асты

56 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке деген қызығушылық қарқынды артып келеді.

Кейінгі бір жылда көпшілік кітапханаларынан оқырмандарға берілген 88,9 миллион басылымның 60,1 пайызы (53,4 млн) қазақ тіліндегі әдебиеттер болды. Бұл үрдіс кітапхана қорының толығуынан да байқалады: бір жылда түскен 906,5 мың жаңа басылымның 662,3 мыңы — ана тіліміздегі кітаптар. Осылайша, еліміздегі қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 миллион данаға жетті.

Оқырмандар арасында көркем шығармаларға, тіл білімі мен әдебиеттану саласына сұраныс жоғары — жалпы берілген кітаптардың 57,6 пайызы осы бағытқа тиесілі. Кітапханаға келушілердің басым бөлігін балалар мен жастар құрап отыр (15 жасқа дейінгі 1,75 млн бала және 1,38 млн жасөспірім). Ал өңірлер бойынша кітап оқитын тұрғындардың ең жоғары үлесі Павлодар (47%), Солтүстік Қазақстан (45%) және Батыс Қазақстан (42%) облыстарында тіркелді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар