Жоламан Биғабыл – Азия ойындарының чемпионы

66 рет қаралды

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын жүлдемен толықты. Каратэден сынға түскен Жоламан Биғабыл 55 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Жарыс жолын сәтті бастаған қазақстандық спортшы ширек финалда Тәжікстан өкілі Мухсотуолло Муминовты 7:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Индонезия спортшысы Мұхаммад Тегар Жануардан 6:1 есебімен басым түсті.

Шешуші финалдық белдесуде Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирзо Халимовпен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, жерлесіміз құрлықтың басты спорт додасында топ жарып, алтын медаль иеленді.

Жоламанның бұл жеңісі – Қазақстан каратэ мектебінің халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте айқындайтын маңызды нәтиже. Жас спортшының табандылығы мен жарыс барысындағы сенімді өнері ел жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады.

Осылайша, Аичи–Нагояда Қазақстанның көк байрағы тағы бір мәрте биікте желбіреді. Жоламан Биғабылдың жеңісі ел қоржынына кезекті алтынды қосты.
Түгелбай Бисен

Жоламан Биғабыл – ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы!

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Бегім Көктүрік

Бегім Көктүрік — журналист. 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдады.

Маманданатын салалары: тіл, мәдениет, әлеуметтік мәселелер, зерттеу журналистикасы, медиасауат.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар