/

Атырауда үш лаңкестік топ әрекет еткен

839 рет қаралды

Атырауда «Иттихад әл-Мүслимин», «Ондық» және «Ли тобы» шартты атауларын алған үш лаңкестік топ өз бетінше әрекет еткен.

Бұл туралы өткен жылдың аяғында облыстық әкімдік және прокуратураның қасында болған жарылыстардан кейін қозғалған қылмыстық істі тергеу бойынша жарияланған материалдардан кейін белгілі болды.

Тергеу мәліметтерінше, 2008 жылы джихадтағы салафизмнің ізін басушы 9 адам Атырауда лаңкестік бағыттағы «Қазақ Ислам джихады»  жасырын ұйымын құрды. 2008-2011 жылдар аралығында бұл ұйымға 42 адам тартылған. Содан кейін олар «Қазақ Ислам джихадының» ұйымдастырушылары басқарған үш топқа бөлінді. Бұл үш топтың мүшелері қолға түсті. Ұстау кезінде топтың бірінің басшысы Сергей Ли қарсылық көрсетіп, өлтірілді.

Бұрын хабарланғандай, 2012 жылдың 2 сәуірінде Атыраудағы № 2 қалалық сотының өкімімен лаңкестік тобының барлық қатысушылары 6 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,