/

Челахтың қатысуымен мемлекеттік құпия құжаттар қаралып жатыр

621 рет қаралды

«Арқанкерген» оқиғасына қатысты өтіп жатқан сот процесінің бүгінгі отырысының соңында қылмыстық істің басты айыпталуышысы Владислав Челахтың қатысуымен мемлекеттік құпия құжаттар қарала бастады.

Құпия материалдар қаралатын болғандықтан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата-аналар, айыпталушының ата-анасы мен оның бір қорғаушысы, атап айтсақ Серік Сәрсенов, куәгерлер – түгелдей сот залынан босатылды. Мемлекеттік құпия матерталдарды қарауға күдікті Владислав Челах, мемлекеттік құпия құжаттарды қарауға құқығы бар адвокаты қатысып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 56 томнан тұратын қылмыстың істің 3 томында мемлекеттік құпия болып табылатын матералдар кездеседі. Өткен аптадан сот отырысына қатысуға бас тартқан Владислав Челах бүгін құпия құжаттармен танысқаннан соң ғана жауап беретінін мәлімдеген болатын.

Кенжекей Тоқтамұрат

BNews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,