///

Тікұшақтың қара жәшігі әлі күнге дейін оқылмады

1480 рет қаралды
Тікұшақтың қара жәшігі әлі күнге дейін оқылмады

Алматы облысында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағындағы қара жәшіктің құпиясы әлі ашылмады. Борттағы тіркеу құралын оқу үшін Ресей ғалымдары қосымша уақыт сұрады. Бұл туралы бүгін бас көлік прокуратурасының өкілдері хабарлады. Тікұшақтың қара жәшігі әлі күнге дейін оқылмады

Әуе кемесінің борттық тіркеу құралын отандық мамандар оқи алмағандықтан, Ресейге жіберілді. Ондағы ғалымдар бір ай ішінде қара жәшікті ашып, апат уақытында тіркелген барлық ақпаратты анықтап береміз деген. Бірақ, 30 күн өткенімен, әлі нәтиже жоқ. Енді, Ресей ғалымдары биылғы қаңтардың 31-не дейін қара жәшікті толық зерттеп беретіндерін айтты. Ол үшін қосымша ақпараттар жолдауды сұратып жатыр.

«ЕвроАзияЭйр» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы 2012 жылдың қараша айында Алматы облысы Үшарал қаласынан 90-95 шақырым жерде апатқа ұшырады. Тікұшақтағы экипаж мүшелері мен жолаушылар түгел қаза тапты.

Берік ХАСЕНОВ

astanatv.kz

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар