//

Қытайға 144 мың хакерлік шабуыл жасалған

569 рет қаралды
Өткен жылы хакерлер Қытайдың әскери мекемелерінің сайтына бір айдың ішінде 144 мың рет шабуыл жасаған. Және сол шабуылдардың 63 пайызға жуығы Америка Құрама Штаттарынан келген.
Мұндай мәліметті Қытай Ұлттық Қорғаныс министрлігі таратып отыр. Бірақ, Вашингтонның мәлімдеуінше, ақпан айында Америка сайттарына Қытайдан да бірнеше рет шабуыл жасалыпты. Алайда, Бейжің бұл ақпарды жоққа шығарды.
Кейбір бақылаушылардың ойынша, хакерлік дау екі мемлекет арасындағы диломатиялық шиеленісті тіпті ушықтыруы мүмкін. Ал, Қытай әскерилерінің сөзіне қарағанда, Құрама Штаттар кибер шабуылдардың алдын алу саясатын қолға алмақ. Және сол саясаттың аясында компьютерлік соғысқа тартылатын мамандар саны көбейіп, хакерлік жанжалдардың ережесі айқындалатын болады.
Арыстан РЫСБЕК
kaztrk.kz
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,