Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.
Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.
Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.
Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?
Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.
Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?
Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?
Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.
Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…
Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
Есенғали Раушанов. Әдеби жыл қорытындысы баяндамасына қосымша

Соңғы жазбалар
91 жастағы аргентиналық спорт журналисі Энрике Макайя Маркес әлемдік спорт журналистикасының ең танымал тұлғаларының бірі саналады.
2026 жылғы футболдан әлем кубогі шешуші кезеңіне аяқ басқан сайын, жанкүйерлер назарын аударған қызықты тарихи дерек
Қазақстанға ковид пандемиясы келгенде сүйінші сұраған бас санитар Жандарбек Бекшин мырза айтқандай, «наконец-то!» Наконец-то, Ұлыбританияға жаз
Алматының Орталық стадионында матч басталмастан бұрын ерекше атмосфера сезіледі. Сары-жасыл түске боялған трибуналарға көрермен біртіндеп жайғасып
Қазақстанның Конституциялық соты жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін президент пен бірқатар жоғары лауазымды тұлғаның өкілеттік мерзімін
Фото: aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент өз құттықтауында
Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық істің басталуы Қазақстанда журналистік қызметтің құқықтық шекарасы, ақпарат көзінің құпиясы және сөз
Алматыда Orda.kz ақпараттық порталының негізін қалаушы әрі бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты сот процесі басталды.
Кеше Түркістан қаласы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында жедел жәрдем саласында қордаланған проблемалық мәселелерді көтерген, Түркістан
Фото: election.gov.kz Бүгін Президент Қ. Тоқаев ҚР Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Құрылтай сайлауы
