//

Иранда сайлау өтті, президенті кім болды?

697 рет қаралды

Иранның ішкі істер министрі реформашыл кандидат Хассан Роуханидің президенттік сайлауда жеңіп шыққанын жариялады.

hassan

Ирандағы президент сайлауында жеңімпаз атанған Хассан Роухани

Иран ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, президент сайлауының алдын-ала нәтижелері бойынша Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хассан Роухани өзге бес кандидаттан озып шықты. Сайлау 14 маусым, жұма күні өткен. 50 миллионға жуық сайлаушының 70 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан.

Сайлаудың алғашқы нәтижесі бойынша Хассан Роухани 50 пайыздан астам дауыс жинаған. Екінші орында – сайлаушылардың 17 пайыз даусын иеленген Тегеран мэрі Мохаммад Бакер Халибаф.

Президент сайлауына халықаралық бақылаушылар қатысқан жоқ. Сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген уақыттан бес сағатқа кеш аяқталды. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, сайлаушылар дауыс беріп үлгірмегендіктен дауыс беру уақыты төрт рет ұзарған.

Президент сайлауына бұл екеуінен өзге төрт кандидат түсті. Олар – ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жүргізуші Саид Жалили, Аятолла Әли Хаменеидің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, сақшылар корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи және бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази.

Бұл сайлауда жеңіске жетті деп хабарланған Хассан Роухани президент қызметін екі мерзім қатарынан атқарған Махмуд Ахмадинежадты алмастырады.

Дерек көзі: http://www.azattyq.org/

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,