//

Қазақстанда уақытымен өткен сайлау болды ма?

773 рет қаралды

a53701f355ddee2fec4f7998aba84f02

Мәжіліс депутаттарының астынан тағы су шықты. Айдың күннің аманында олар тағы да тараймыз дейді,  олар бұл қадамдарын елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауымен түсіндірсе бір жөн, біз өз миссиямызды аяқтадық деп шіренеді. Сөйте тұра, мәжілісмендердің басым көпшілігі өздері таратқан Мәжіліске қайта келуден дәмелі. Алдыңғы Мәжілісті таратқанда да, өз миссиясын аяқтаған депутаттардың 43 пайызы Мәжілістің Бесінші шақырылымына қайта оралған. Бұл жолғы Мәжілісмендердің қанша пайызы алтыншы шақырымның депутаттық креслосына қайта жайғасатындығын әзірге болжау қиын. Алайда, 31 арнадағы “Информ бюро” бағдарламасы көрсеткеніндей, төрт жыл бойы ешқандай саяси-әлеуметтік, қоғамдық проблема жанын ауыртпаған, Үкіметке бірде бір сауал жолдамаған, түрін қарапайым халық былай тұрсын, журналистер де тани бермейтін (Гүлбану Әниятқызының сөзі) депутаттар да жұмсақ креслодан дәмелі екендіктерін танытты.

Жалпы, депутаттың міндеті не? Жылы жұмсақ креслоға жайғасып, депутаттық мандаттың қызығын көру ғана ма? Жоқ, елде құқықтық мемлекет орнатуға ат салысу ма? Егер, оның міндетіне соңғысы сай келетін болса, төрт жыл бойы жұмған аузын ашпаған “Халық қалаулысының” келесі жолғы сайлауға да қатысып, жылы орынға қайта жайғасуды армандауы дамыған демократиялы елдің азаматтарына тән емес.

Дегенмен, Мәжілісмендердің Елбасына өздерін өздері тарату жайлы өтініші білдіруі – Қазақстан қоғамы үшін жаңалық бола қойған жоқ. 2015 жылдың қоңыр күзінде басталған бұл әңгімеге енді нүкте қойылып отыр. Мәжілістің бесінші шақырылымының мезгілінен бұрын таралатынын 2014 жылы  саясаттанушылардың біразы болжаған екен. Жалпы Тәуелсіз Қазақстан тарихында уақытында, мерзімінде өткен сайлаулар кемде кем.

КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЛАР

1993 жылдың күзінде Халық депутаттарының кеңесі өздерін өздері тарататындықтарын мәлімдеген. Сол жылдың желтоқсанында Жоғары Кеңес аталған парламент таратылды. 1994 жылдың 20-сәуірінде Жоғары Кеңестің  ХІІІ шақырылымына сайлау болды. Алайда бұл парламент бір жылға жетер жетпес жұмыс істеді де, Татьяна Квятковскаяның сайлау барысында кеткен құқық бұзушылықтар туралы шағымынан кейін заңсыз деп танылып, тағы да таратылады. 1995 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанда Парламент болмады. Осы кезеңде Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Оның негізгі қызметі Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау туралы референдумдарды өткізу туралы бастама көтеру болды. Жаңа Конституция бойынша Парламентті тарату құқығы тек Президентке жолданады. Осы Конституция бойынша екі палаталы Парламент жасақтау туралы Қаулы қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Парламенттің алғашқы шақырылымының сайлауы болады. Алғашқы екі шақырылым өз мерзімінде тарап, кезекті сайлаулар өткізілді. 2005 жылы сайланған үшінші шақырылым Президенттің Жарлығы бойынша 2007 жылы өз жұмысын тоқтатты.

2007 жылы жасақталған Парламент тек бір партиядан, “Нұр Отан” партиясынан жасақталды. Сол жылы саяси реформалар жасалып, сайлау бұрынғыдай мажоритарлық мандатпен емес, партиялық жүйемен өткізілетін болды. 2012 жылы өздерін тағы да таратуды сұраған мәжілісмендер бұл жолы бір партиялы Парламенттен шаршағандарын айтып, өзге партия өкілдеріне де мүмкіндік беру қажеттілігін көлденең тартты. Ал бұл жолы….

P.S. Мәжіліс құрамында барлығы 107 депутат бар. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда қалыптастырылды.

Парламент Мәжілісінің сайлауына жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі қорытынды нәтижелер бойынша сайлаушылар даусының 7%-дан астамын жинады және Парламент Мәжілісіне: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (7,47%), Қазақстанның Коммунистік халық партиясы (7,19 %) өтті.

Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-нан – 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан – 9 депутат.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі