//

Мәжіліс таратыла ма?

875 рет қаралды

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары парламент пен жергілікті мәслихаттарды таратып, елде мерзімінен бұрын сайлау өткізуді сұрап президент Назарбаевқа үндеу жолдады.

Қазақстан парламенті мәжілісінің 53 депутаты қол қойған жолдау қарашаның 10-ы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберілді.

БҰЛ ЖОЛҒЫ СЫЛТАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС

Мәжіліс депутаттары президент Назарбаевтан парламент пен жергілікті мәслихаттарды таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді сұрап отыр. Бұл туралы бейсенбі күні Астанада арнайы баспасөз мәслихатында парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабилянов мәлімдеді.

– Біз президенттен парламент пен мәслихаттарды таратуды өтініп отырмыз, қолданыстағы заң бойынша, біздің бұндай бастамамен президентке жүгінуге құқымыз бар, – деді Нұртай Сабилянов.

Ол депутаттардың өздерін тарату туралы өтінішіне себептердің бірі ретінде әлемдегі экономикалық жағдайды атады.

– Алдағы жылы әлемде экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны басталады делініп отыр. Сипаты мен ауқымын болжап болмайтын бұл

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Нұртай Сабилянов. Астана, 31 наурыз 2010 ж.

​​дағдарыс Қазақстанның экономикасын да шарпуы мүмкін. Осыған байланысты сайлау кезеңінен өткен маңызды. Бұл барлық мемлекеттік органдарға, үкімет пен парламентке сайлау өткізуге алаңдамай, барлық назарды дағдарысқа қарсы шараларға жұмылдыруға мүмкіндік бермек, – деп түсіндірді депутат Сабилянов.

Оның айтуынша, бюджет қаржысын үнемдеу үшін кезектен тыс «парламент және мәслихаттар сайлауларын бірге өткізген жөн».

Сонымен бірге ол «сайлау нәтижесінің қандай болатындығына қарамастан, келесі парламентте кемінде екі саяси партия болады» деген пікір білдірді.

– Мұндай қадам Қазақстанның көппартиялылық және саяси плюрализм идеяларына адалдығы мен жақындығының нышаны болмақ. Біз бұл шешімді халық пен мемлекеттің жоғары мүддесіне сүйеніп қабылдағандықтан, өз сайлаушыларымыз және әлемдік қауымдастық оған түсіністік танытады деп сенемін, – дейді Нұртай Сабилянов.

Оның айтуынша, парламент мәжілісінің 53 депутаты қол қойған үндеу қарашаның 10-ы күні Қазақстан президенті әкімшілігіне жолданған.

Қолданыстағы заңға сәйкес, Қазақстан президенті парламент депутаттары және премьер-министрмен кеңесіп, парламент мәжілісін тарату туралы шешім қабылдай алады.

ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ

Қазақстан тәуелсіздігін жарялағаннан бергі 20 жылға жуық уақыттың ішінде елде парламент үш рет таратылған еді.

Бір атап өтер жайт, Нұртай Сабилянов жария еткен бұл жолғы мәлімдеме Қазақстанның үшінші шақырылымдағы парламентін тарату кезіндегі көріністерді қайта тірілткендей болды. 2007 жылы маусым айында елуге жуық депутат, әрі «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің атынан Қазақстан президенті атына

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беру туралы заң жобасына парламенттегі дауыс берулердің нәтижесін көрсетіп тұрған электронды тақта. Астана, 12 мамыр, 2010 жыл.

​​ жазылған үндеуді парламент мінберінен сол кездегі мәжіліс депутаты Нұрбах Рүстемов оқып берген еді.

– Жаңа өзгерістерді енгізу үшін, мәжілісті таратуыңызды сұраймыз. Өйткені, екі жыл бойы демократиялық реформаларға тежегіш болып отырғымыз келмейді, – деген уәж айтты сол кезде депутаттар.

Депутаттардың бұл ұсынысын тарихи шешім деп бағалаған президент Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісін мерзімінен 2 жыл бұрын таратып жіберді.

Осыдан кейін, яғни 2007 жылы тамыздың 18-і күні, парламент сайлауы партиялық тізім бойынша өткізіліп, оның нәтижесінде тек жалғыз саяси партия – «Нұр Отан» мүшелерінен ғана құралған Қазақстан парламентінің мәжілісі дүниеге келді.

Сол жолы Қазақстанда парламент мәжілісімен бірге жергілікті мәслихат депутаттары да бес жыл мерзімге сайланған еді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар