///

«Қазақстанды азат ету армиясы» деген не, оны ойлап тапқан кім?

622 рет қаралды
pogudx2n7tabvhrrrg.66a629472016 жылғы 5 және 6-маусымда Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиға — өзіңе тегін пиар жасаудың таптырмас амалы. Интернетке аз да болса, шындыққа жанасатын ақпарат салсаң, жетіп жатыр — аз уақытта елге танымал болып шығасың.

Кеше желіде «Ақтөбедегі лаңкестік актілер үшін жауапкершілікті «Қазақстанды азат ету тобы өз мойнына  алды деген хабарлама пайда болды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты «Азаттық» радиосы таратты:

«Қазақстанды азат ету Армиясы деген әлдебір ұйым халықаралық БАҚ-қа арналған мәлімдемесінде Ақтөбедегі қанды оқиғаларға жауапкершілікті өз мойнына алыпты. Атап айтқанда, аталмыш ұйымның үндеуінде «бұл Қазақстанның демократиялық жолмен дамуын қолдайтындардың Назарбаевтың сыбайластырының диктатурасына берілген алғашқы соққы» делінген.

Атап айтарлығы, «Азаттық» радиосы «халықаралық БАҚ-қа арналған мәлімдеменің» мәтінін көрсете алмады…

Одан кейінгі оқиға көз ілеспес жылдамдықпен өрбіді.. Келесі жалған жаңалықты көпшілікке «Би-би-си» жария етіпті, ал одан кейін Қазақстанның және шетелдің барлық БАҚ-тары іліп алып кеткен. Астана уақыты бойынша кешкі сағат 17.00-ге қарай аты „аңызға„ айналған «армия» туралы жаңалықты 10 000-нан астам (Google-ге сәйкес) басылым таратыпты.

b1-1

«Мен балама қараймын – балам жерге қарайды», дегендей, «Би-би-си» «Азаттыққа» сілтеме жасаса, «Азаттық» Интернетке қарайды, Интернетте үн жоқ…

Осы орайда,

лаңкестікпен күресетін күштік құрылымдағы білікті дереккөзі хабарлағандай, ол ешқандай «Қазақстанды азат ету Армиясы» туралы естімепті.

Соған қарамастан, армия туралы тексерілмеген ақпарат осындай адам сенгісіз қарқынмен көшіріліп, таратылғанға қарағанда, жақын арада ондай армия пайда болады деп сенімді айтуға болады – оны ойлап тапқан журналистер ғой…

Қайрат Матреков, www.kaz365info.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,