//

Көне үннің көмейін жарқыратқан

799 рет қаралды
3

 Түркітанушы ғалым, қаламгер, қоғам қайраткері Қаржаубай Сартқожаұлы желкенді 70 жасқа келіп жатыр. Қаржекеңді асқаралы 70 жасымен құттықтай отырып, төмендегі өлең жолдарын арнаймыз.                 

                             Қаржаубай Сартқожаұлына

e78374dd745cf745d7a5e5e9f6606f1e

Алай да алай, ақ дүлей аспан көшкен…

Ащы толғақ, ай ана астаң-кестең:

Қар үстіне босанып Қаржаубайын,

Қылмен буып, кіндігін  таспен кескен.

Құрт кеміріп, мұз шайнап, уыз ұрттап,

Қаршадайдан, тау кезіп, қалғып ұйықтап.

Жалаң аяқ, жалаң төс, зар жүгірді,

Сартқожаның сары ұлы жалғыз ұрпақ…

Сөйтіп тағдыр басталған тастай қатты,

Ол жанына қортылмас астай батты.

Айта алмаған адамзат ақиқатқа,

Тастан басқа таппады басқа айғақты.

Тапсадағы табиғат мөлдір сулы,

Танытпады жылы жүз өмір шулы.

Қарт Алтайдың бірбеткей шыңдарындай,

Бөйтектеуді, білмеді ол, көлгірсуді.

Бір «көсемді» бір ессіз тұлып қылды,

Ал есікте қазандай құлып тұрды.

Зор замананың қаймықпай қастығынан,

Сол есікті Қаржекең жұлып кірді.

Пай-пай сонда алдынан тас сөйледі,

Тұлғасынан жұлынған бас сөйледі.

Жыпырлаған  жазуға толды күнсіп,

Сарайының күн сіңген ақ көйлегі.

Сол тастардан бойына қуат алды,

Көз майымен суғарып құба талды,

Күлтегінмен  тілдесіп, Көк Түріктің,

Жоғын тауып, уатып жылағанын,

құлағанын тұрғызып жұбата алды.

Көне үннің көмейін жарқыратқан,

Ер жігітті қылады халқы мақтан,

«Бересің», деп Автоном Байөлгейге,

Қалқаны да Қаржекең қалтыратқан…

Жараланған емдеген аң-құстарды,

Күн ұзарды жадырап, таң қысқарды.

Адам түгіл түсінген тас жүрегін,

Қақың бар ғой, Қаржеке, қақың бар ғой,

Ақың бар ғой, ала ғой, алғыстарды.

    Бақытбек Бәмішұлы, ақын,

Алматы, 2017.05.09.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Ағасына осындай керемет өлең арнаған жалынды ақын бауырым Бақытбекке мың алғыс, Алла разы болсын! Қаламың ұшталып,шабытың тасқындай берсін деймін! Ағатайыңның образын керемет беріпсің, бауырым, “Інісі бардың тынысы бар” деген осы болар, раxмет! Шығармашылық табыс тілеймін!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,