“Ақыл-парасатымыздың, жалпы интеллектуалды дүниеге көзқарасымыздың қандай деңгейде екенін біз «Парасат майданы» бағдарламасының эфирлік кестеге қойылған уақытының өзінен-ақ (23.45, кейде 00.20, қайсыбір күндері тіпті 01.15!) аңғара аламыз. Жұрт жұмыстан келіп, ел орынға отырған шақтағы ең көрілімді уақыт (19.00-ден 23.00-ге дейін) негізінен кешкі ақпаратқа, киноға, сериалға тиесілі. Өйткені, бұлар – рейтинг беретін негізгі көрсетілімдер саналады. Тіпті «Түнгі студияның» өзі эфирге «Парасат майданынан» бұрын шығады (демек, Дархан Әбдіктің бағдарламасы «түннен кейінгі студия» болғаны ғой?). Бұл жайт Нұрлан Қоянбаевтың “рейтингі жоғарырақ” екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге арна басшыларының ұстанымы мен қай бағытқа басымдық беретінінен де хабардар етеді. Бәлкім, біздің көрерменнің деңгейінің сол ақпарат, сериал, «Түнгі студия» төңірегінен ұзап шықпайтынын да меңзеуі мүмкін.
Бұл – бүгінгі «рейтингшіл» уақыттың айықпас дерті. Әйтпесе руханиятқа қатысты дүниені, адамның сана-сезіміне әсер етер ақпараттық-мәдени ықпалды сандық мөлшермен, құрғақ рейтингпен есептеу қаншалықты дұрыс, қаншалықты әділ? Егер тек қана сол өлшемге сүйенетін болсақ, онда әләуләй эстрада мен талғамсыз тамаданың тантымасы тәрізді арзан әзіл-әжуаны әспеттеп, театр мен дәстүрлі ән-жырды, опера мен балетті біржола ысырып қою керек шығар? Нағыз мәдениет пен өнердің құны, ұлттық рухани құндылықтардың шынайы бағасы қашаннан бері рейтинг арқылы анықталып еді?”
“Түннен кейінгі студия”

Соңғы жазбалар
24 қыркүйекте Қазақстанның Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде Әскери-теңіз күштерінің 14 сарбазы суға батып, қаза тапты. Бұл
28 тамыз күні Құрылтай ресми түрде жұмысын бастады. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Құрылтайдың алғашқы сессиясында депутаттар
Атамыз Шудабайұлы Кәрім 1900 жылы Алтайдың Шіңгіл деген жерінде дүниеге келіпті. Жастайыннан қара шаруаға мығым, өте
Фото: istockphoto.com Қазақстанда паспорттың жаңа дизайны әзірленіп жатқанын Tengri Travel хабарлайды. Ішкі істер министрлігі жаңартылған құжаттың
2024 қабылданған «Масс-медиа туралы» заңдағы даулы мәселелердің бірі мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі комиссиямен байланысты болды.
АЛЖИР мемориалды-музей кешеніне барғанда кісі қарасы көп көрінді. Арнайы туристік бағытпен келгендер де, жеке өзі жүргендер
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сүйенсек, қазіргі кезде елімізде 4,1 млн оқушы оқитын 8 мыңнан астам мектеп
Медиасарапшы, журналист, «Мінбер» сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы Есенгүл Кәпқызы Қазақстандағы медиа нарығындағы өзгерістерді ұзақ
Байқоңыр өзімізде болса да, қазақтан ғарышқа ұщқан ғарышкерлеріміздің саны саусақпен санарлық. Солардың бірі және бірегейі Талғат
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық қоғамды дүр сілкіндірді. Оқиға болған түні қылмысқа себеп ретінде
