“Ақыл-парасатымыздың, жалпы интеллектуалды дүниеге көзқарасымыздың қандай деңгейде екенін біз «Парасат майданы» бағдарламасының эфирлік кестеге қойылған уақытының өзінен-ақ (23.45, кейде 00.20, қайсыбір күндері тіпті 01.15!) аңғара аламыз. Жұрт жұмыстан келіп, ел орынға отырған шақтағы ең көрілімді уақыт (19.00-ден 23.00-ге дейін) негізінен кешкі ақпаратқа, киноға, сериалға тиесілі. Өйткені, бұлар – рейтинг беретін негізгі көрсетілімдер саналады. Тіпті «Түнгі студияның» өзі эфирге «Парасат майданынан» бұрын шығады (демек, Дархан Әбдіктің бағдарламасы «түннен кейінгі студия» болғаны ғой?). Бұл жайт Нұрлан Қоянбаевтың “рейтингі жоғарырақ” екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге арна басшыларының ұстанымы мен қай бағытқа басымдық беретінінен де хабардар етеді. Бәлкім, біздің көрерменнің деңгейінің сол ақпарат, сериал, «Түнгі студия» төңірегінен ұзап шықпайтынын да меңзеуі мүмкін.
Бұл – бүгінгі «рейтингшіл» уақыттың айықпас дерті. Әйтпесе руханиятқа қатысты дүниені, адамның сана-сезіміне әсер етер ақпараттық-мәдени ықпалды сандық мөлшермен, құрғақ рейтингпен есептеу қаншалықты дұрыс, қаншалықты әділ? Егер тек қана сол өлшемге сүйенетін болсақ, онда әләуләй эстрада мен талғамсыз тамаданың тантымасы тәрізді арзан әзіл-әжуаны әспеттеп, театр мен дәстүрлі ән-жырды, опера мен балетті біржола ысырып қою керек шығар? Нағыз мәдениет пен өнердің құны, ұлттық рухани құндылықтардың шынайы бағасы қашаннан бері рейтинг арқылы анықталып еді?”
“Түннен кейінгі студия”

Соңғы жазбалар
Құрылтай жанындағы Қоғамдық палата туралы ереже Құрылтайдың ресми сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, журналистер палата отырыстарына өз
Minber-Academy апта бойы журналистердің құқығына қатысты болған негізгі оқиғаларды шолуды жалғастырады. Бұл шолу 29 қазан –
Шетелдік БАҚ аккредитациясының жаңа тәртібі, Құрылтайдағы шектеулер, «Азаттық Азия» тілшісінің ісі және TikTok эфирі үшін қамау:
TikTok эфиріндегі балағат үшін қамау, Франциядағы әлеуметтік желіні өшіру жоспары және «жалған ақпарат» бабы бойынша журналистерге
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдік БАҚ өкілдіктері мен журналистерін аккредиттеу тәртібін өзгертетін бұйрыққа қол қойды.
Қазақстанда журналистік қызметке тыйым салу, мемлекеттік органдардағы ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, тәуелсіз редакцияларға жасалған цифрлық шабуылдар
Белгілі журналист, медиа тренер, медиа зерттеуші ғалым, медиа сарапшы Есенгүл Кәпқызының “Медиа мәтінді талдау әдістері” монографиясы
24 қыркүйекте Қазақстанның Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде Әскери-теңіз күштерінің 14 сарбазы суға батып, қаза тапты. Бұл
2 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында медиа зерттеуші Есенгүл Кәпқызының «Медиа мәтінді талдау әдістері» монографиясының таныстырылымы
Медиасарапшы, белсенді Бэлла Орынбетпен журналистика, адам құқықтары және өңірлердегі азаматтық бастамалар туралы сөйлестік. Сондай-ақ мемлекеттік басылымнан
