Аталып отырғандай, 27 наурыз күні ҚР Үкіметінің қаулысымен «ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымындағы № 573 ««Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» қаулысына өзгерістерді енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы шыққан. Осылайша, аталмыш салада келесі өзгерістер бар. Бұрын берілген стипендияны пайдаланбай және оқуға немесе сынаққа түспеген адамдарға Орталық алдында қарызы жоқ болған жағдайда стипендияны алу үшін қайтадан байқауға қатысуға мүмкіндігі бар. Демек, байқауға бұрын қатысушыға «Болашақ» стипендиясы берілгенімен, белгілі бір жағдайға байланысты ол тілдік курстарға кірісе алмай немесе өздігінен оқудан бас тартса, онда ол қайтадан байқауға қатыса алады. Сонымен қатар, «Өздігінен түскен» категориясына жататын байқауға қатысушы үміткерлер үшін бакалавр немесе маман дипломының орташа балы талап бойынша GPA 3,3-тен 3.0-ге төмендетілді. Қазақстанда сондай-ақ, тілдік курстарды аяқтау кезеңінде тілді меңгеруді бақылау механизмі енгізілді. Тілдік курстардың жұмысын күшейтіп, тілді қажетті деңгейде білетінін растау үшін курс аяқталғаннан кейін Қазақстандағы стипендиаттар аралық тестілеуден өту керек. Аталған емтиханнан өте алмай қалған жағдайда стипендиаттарға алдағы екі айдың ішінде қайтадан өту мүмкіндігі беріледі. Аталған талап орындалмаса стипендиядан айыру қарастырылған. Басты жаңа өзгерістердің бірі – түлектердің еңбекті өтеуін жүзеге асыруға қатысты нормалары болып табылады. «Өздігінен түскен» категориясындағы және «жалпы байқаудағы» түлектерге мамандық алғаннан кейін Қазақстанның аумағында орналасқан қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктерінде және филиалдарында еңбегін өтеуге мүмкіндік беріледі. Қазақстан аумағында орналасқан өзге де ұйымдарда үшжақты келісімнің бекітілуімен жұмыс беруші келіскен жағдайда «ғылыми-педагогикалық қызметкерлер», «инженерлік-техникалық қызметкерлер», «мәдениет және шығармашылық саласындағы қызметкерлер», «бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясындағы қызметкерлер», «сынаққа үміткерлер» категориясы бойынша оқып шыққан түлектерге алған мамандығы бойынша еңбек етуге рұқсат беріледі. Қаулы 2018 жылдың 30 наурызында жарияланып, қолданысқа енгізілді.
Парақшамызға жазылыңыз«Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеу ережелері өзгерді
Соңғы жазбалар
Бірнеше күн бұрын анам түсіме кірді. Екеуміз бірге бір жаққа ұшқалы жатыр екенбіз. Мен ол түсті
Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,
Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жақын мемлекеттерден көшіп келген қандастар. «Мұнда тұрып жатқандарына 20 жылдан асқан. Көшіп
2024 жылдың 3 сәуірінде Тайваньда соңғы 25 жыл ішіндегі ең жойқын жер сілкінісі болды. Рихтер шкаласы
Оңтүстік астанамызды мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-Анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы Арал теңізінің үздіксіз таяздануы, «Байқоңыр» зымыран – ғарыш кешенін пайдалану, уран–кен өндіру
Осыдан 6 күн бұрын ProTenge.kz негізін қалаушысы Джамиля Маричева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті
Масс-медиа туралы заң жобасының Мәжілісте құрылған жұмыс тобының құрамында тоғыз айға жуық жұмыс істедік. Тәуелсіз сарапшылармен
Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан Әл-Фараби атындағы №31 Тұздыбастау мектебінде бастауыш сынып оқушылары үш ауысымда оқиды.
Жалқамыс – Алматы облысы, Талғар ауданынан 26 шақырымда жатыр. Ауыл 12 елдімекенді біріктірген Қайнар ауылдық округінің