//

Қазақ қызы Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

668 рет қаралды

Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.

Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. “Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет”, – деді ол.

“Айка” әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында өрбіген. Ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі.

Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: “Кинодвор” атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

Бұған дейін Cамал Еслямова «Тюльпан» фильмінде басты рөлді сомдаған. Бұл туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, жас әділқазылардың жүлдесін, сонымен қатар Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған болатын.

Abai.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,