//

Армысыздар, Аналар! Бармысыздар, Шешелер!

3284 рет қаралды

Армысыздар, адамзат баласының ардағы, Аналар! Бармысыздар, асылдың асылы, өмірдің жасылы, алақанынан ақ нұр, анарынан өмірдің нәрі ақ сүт аңқыған, Шешелер! Ұлы Тәңірінің жылу шапағаты молынан құйылып, Табиғат Ананың тал бесігін бүкіл тірлік иесінің нәресте әнімен, жұпар дәнімен тербеткен көркем де, көрікті, көгі көп Көк-Көк – Көкөк айының қасиетті жұма күнімен қатар келген мейірім мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлы Дала төрінде жүздеріңіз әр қашан жарқын, жаулықтарыңызды кір шалмасын,  қазақ даласының қызғалдақтарындай құшақтарыңыз әр қашан қуаныш күйіне, әлди әуеніне толы болсын! Мына өлең шумақтары Сіздерге арналады!

Мінбер Ұлттық интернет газеті алқасы.

Шешелерім

 

Күмісім, алтындарым, маржандарым,

Аман ба, ауыл-аймақ, мал-жандарың?

Құлпырып көктемедей күнде өмірің,

Бүрлесін  құшағыңнан армандарың!

 

Аман ба, ақ ниетті асылдарым,

Шашылсын төрге мәңгі шашуларың.

Еркімді шектемейтін сендерсіңдер,

Дертімді емдейтұғын ақыл-дәрім.

 

Көлдерім,  бұлақтарым, айдындарым,

Білетін сендер ғана қайғым барын.

Көшіне ұлы өмірдің серік етіп,

Төсіме тағып жүрер айтұмарым!

 

Аппағым, мұнтаздайым, ұйықтарым,

Ішкізген адалдықтың жиып нәрін.

Талмасын, шаршамасын, шау тартпасын,

Көтерген толағай мұң иықтарың!

 

Армысың, аманбысың, шешелерім,

Шешемен бесенесі бес елі елім.

Иіліп, бір иіскетсем еріп шерім,

Жұтамын жұпарыңнан кесел емін.

Шешелерім!

 

*** 

Түстегі балдың дәмі

(Есенгүлге)

Өрінде жүр екемін биік қырдың,

Алуан арасында киік – гүлдің.

Аңқыған жұпарына есім ауып,

Түсімде әдемісін, сүйіп тұрдым.

Төсінің лүпілінен сыр тыңдадым,

Мен үшін беретіндей қиып жанын.

Шәрбатты, әйдік дәмі тіл үйірген,

Нәрінен үр еріннің сусындадым.

Нәрінен үр еріннің сусындадым,

Тілдесіп тіліменен тілсіз жанның…

Үндеме,

оятпай-ақ қойыңдаршы,

Мынау өрт құшағында тынсын жалын…

Еріді,

Елжіреді бек жүрегім,

Сол түсті күнде көрсем деп жүремін.

Түсімнің түнде көрген күндіз балын,

Ойласам,

Әр сәт сайын жеп жүремін!

Рахымет!

Қарамер

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,