Қазақтың ән өнері қара жамылды

1335 рет қаралды

74 жасқа қараған шағында Қазақтың маңдайалды композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды.

1946 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген ол 1974 жылы Алматы консерваториясын бітірген Осы жылдан бастап еліміздің музыка өнеріндегі түрлі салада өнімді еңбек еткен композитор қазақ музыкасына – “Толғау” симфониясын (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндерді тарту етті. Оның әндерін Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова, А. Мейірбеков, Н. Өнербаев, М. Дәулетбақова сынды әншілер орындап халыққа жеткізді.

Мінбер.kz ұжымы даңқты композитор Кеңес Дүйсекеевтің қазасына орай оның туыстарына, қазақ музыка өнерінің өкілдеріне қайғырып көңіл айтады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі