/

“Қарадала” халық театры ашылды

1556 рет қаралды
2 қараша күні Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұйғыр  ауданында шымылдығын ашқан «Қарадала» халық театры  А.Құнанбаевтың поэмасының желісімен «Ескендір» қойылымының премьерасын қойды. Алғаш құрылған Халық театрының ашылуына  ҚР Халық артисі Тұғңышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханов, ауданның белсенді азаматы, халық театрының ашылуына қомақты үлес қосқан Жәннет Керімқұлов тағы басқа облыстың белсенді азаматтары қатысты. Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ашылған театр ұжымын жинап, “Ескендір” поэмасын инсцинировка жасаған актер әрі режиссер Асқар Наймантаев.
Режиссер Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын сюжетті туындысын сахналау арқылы адамзат ашкөздігінің опа бермесін меңзейді.
Актер ретінде сахнаға алғаш шыққан өнерпаздардың ойыны нанымды әрі риясыз. Кәсіби сыншылар Халық театрына қойылар талаптың кәдімгі театрларға қойылар талаптан өзгерек екенін айтады. Дегенмен, театр рухани мәдениетті қалыптастыратын шығармашылық орта екені рас. Сол себепті де халық театрларының аудан мәдениетін дамытуға ролі үлкен
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,